Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 10 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Абай университетінде көшпенділік мәдениетіне арналған халықаралық конференция өтті • Спорт, IT және ғылым: Нұрасыл Медеу KNUS пен Kairu-дың болашақ жоспарын айтты • Түркияда 2026 жылдан бастап 15 жасқа толмағандарға әлеуметтік желіге тыйым салынады • Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді • Жігер Ауыпбаев пен әйелінің TikTok видеолары сынға ұшырады • Ұлттық музейде «Музей – білім беру кеңістігі» семинары өтті • Абай университетінде көшпенділік мәдениетіне арналған халықаралық конференция өтті • Спорт, IT және ғылым: Нұрасыл Медеу KNUS пен Kairu-дың болашақ жоспарын айтты • Түркияда 2026 жылдан бастап 15 жасқа толмағандарға әлеуметтік желіге тыйым салынады • Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді • Жігер Ауыпбаев пен әйелінің TikTok видеолары сынға ұшырады • Ұлттық музейде «Музей – білім беру кеңістігі» семинары өтті •

    Спорт, IT және ғылым: Нұрасыл Медеу KNUS пен Kairu-дың болашақ жоспарын айтты

    Спорт, IT және ғылым: Нұрасыл Медеу KNUS пен Kairu-дың болашақ жоспарын айтты

    Қазақ ұлттық спорт университетінің (KNUS) негізін қалаушы Нұрасыл Медеу Qazsport телеарнасына берген сұхбатында спортшыларды даярлау, жоғары оқу орнын құру және IT-білім беруді дамыту туралы айтты. Сонымен қатар ол университет ғимаратының кімге тиесілі екенін, оқу орнының меншік құрылымын және одан түсетін табыстың қалай бөлінетінін түсіндірді.

    KNUS пен Kairu арқылы қандай нәтижелерге қол жеткізуді көздейтінін және алдағы бірнеше жылға жоспарларын да атап өтті.

    -Кайру бағытына келсек, бұл – мен Бостонда оқып, меңгерген Computer Science, яғни компьютерлік ғылымдар саласы. KNUS-пен қатар IT бағытымен де айналысамын. Біздің әзірлеушілер командасы бар, түрлі бағдарламалық қамтамасыз ету өнімдерін жасап жатырмыз.

    Мемлекет тарапынан университет ашу жөнінде тапсырма берілгенін естігенде, мұны үлкен мүмкіндік деп қабылдадым. Біз команда жинап, нарықтық талаптарға сай жұмыс істедік. Лицензия алу, білім беру бағдарламаларын әзірлеу және басқа да қажетті мәселелерді талқылап, барлығын жан-жақты пысықтадық. Нәтижесінде университетті аштық.

    Әлеуметтік желілерде айтылып жүргендей, бізге қандай да бір артықшылықтар берілді деген пікірлерді түсінбеймін. Мұндай ақпараттың қайдан шыққанын білмеймін. Университет ашқысы келетін кез келген адам тиісті лицензия алып, осы бағытта жұмыс істей алады деп есептеймін.

    Әрине, басты мақсатымыз – жастарды дамыту. Мен жастарымыздың әлеуеті жоғары екеніне, үлкен жетістіктерге жетуге және алға ұмтылуға деген ынтасы мол екеніне шын сенемін. Бұл спортқа да, IT саласына да қатысты. Спортта да, ақпараттық технологиялар бағытында да жастарымыз айтарлықтай жетістіктерге жетіп жүр.

    Бағдарламалау және жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлері көп. Сонымен қатар қазақстандықтар негізін қалаған Hexfield, DeepInfra сияқты стартаптар мен технологиялық компаниялар да дамып келеді.

    Біздің мақсатымыз – зерттеу бағытын дамыту және осы саланы ілгерілету. Жастардың тек белгілі бір іспен айналысып қана қоймай, өздерін ғылым мен зерттеуге арнауына мүмкіндік жасауымыз керек. Сонымен бірге олардың зерттеу нәтижелерін стартапқа, бизнеске айналдырып, жаңа жобалар құруына жағдай жасау маңызды.

    Менің ойымша, Kairu-дың негізгі міндеттерінің бірі – елдің дамуына үлес қосу және жастарға жаңа мүмкіндіктер ашу. Оларға өз идеяларын жүзеге асыруға, бастама көтеруге және жаңа өнімдер жасауға қажетті мүмкіндік пен мотивация беруіміз керек, — деді ол.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →