Оралдағы оқиға: биіктен секіріп қаза тапқан жастарды ірі – колледж студенті, екіншісі – оқушы қыз
Фото: istockphoto.com
Орал қаласында 6 қазанға қараған түні екі жасөспірім 9-қабаттың шатырынан секіріп кетті. Қайғылы оқиға Құрылысшы шағын ауданында шамамен сағат 23:45-те болды. Бұл туралы Qazaqtoday.info агенттігі Uralsk News-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Желіде тараған мәліметке сүйенер болсақ, екі жасөспірімнің бірі – 2010 жылғы ұл бала, колледж студенті, ал екіншісі – 2012 жылғы қыз бала мектеп оқушысы болған.
БҚО Полиция департаментінің мәліметінше, екі жасөспірімнің қазасына байланысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы мен себебі тексерілім жатыр.
Жасөспірімдердің мәйіті көпқабатты үйдің артынан табылған.
Мәліметтерге сүйенсек, биыл 11 мамыр күні дәл осы шағын ауданда 27 жастағы ер адам 13-қабаттан секіріп кеткен.
