Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 8 қазан 2026 $ 450,8↓€ 506,2↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Түрікменстан Президентімен кездесті • Өскеменде үй өртеніп, 30 жастағы жігіт жан тапсырды • Реформаның таза есебі: салық түсімі 17 пайызға өсті, бірақ экономика 16 пайызға өскен • «13 жастағы қызбен» кездесуге келген: Ақтауда белсенділер күдікті ер адамды әшкереледі • Алматы облысының әкімдігі жолдың сапасын неге қадағаламайды? • Қазақстанда әлеуметтік көмек кімге көбірек беріледі? Сарапшы түсіндірді • Тоқаев Түрікменстан Президентімен кездесті • Өскеменде үй өртеніп, 30 жастағы жігіт жан тапсырды • Реформаның таза есебі: салық түсімі 17 пайызға өсті, бірақ экономика 16 пайызға өскен • «13 жастағы қызбен» кездесуге келген: Ақтауда белсенділер күдікті ер адамды әшкереледі • Алматы облысының әкімдігі жолдың сапасын неге қадағаламайды? • Қазақстанда әлеуметтік көмек кімге көбірек беріледі? Сарапшы түсіндірді •

    Соғыс аймағындағы 14 қазақстандықты алып шығу жоспарланған

    Соғыс аймағындағы 14 қазақстандықты алып шығу жоспарланған
    Игорь Маслов / РИА Новости

    Луганскідегі соғыс аймағында жүрген 14 қазақстандықты бүгін, 8 қазанда елшілікке жеткізу жоспарланған. Бұл туралы сол жақта жүрген Айнабек Келдібектің әпкесі Сымбат Еркінбек мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Ол бастапқыда әлеуметтік желідегі парақшасында қазақстандықтарды сағат 13:00-ге дейін соғыс аумағынан алып шығатыны туралы ақпарат алғанын жазған.

    «Сүйінші, халқым. Бүгін 14 баланы соғыс аумағынан түскі сағат 13:00-ге дейін елшілікке алып кететін болды. Біздің ең алғашқы талабымыз – балаларды соғыс аумағынан әкету болған. Себебі кез келген уақытта оларды соғысқа әкетіп қалуы мүмкін еді», – деп жазды ол.

    Кейін Сымбат Еркінбек бұл жазбасын өшірген. Qaz365.kz тілшісі одан ақпаратты нақтылаған кезде, ол мұндай мәліметтің бар екенін, алайда әзірге Сыртқы істер министрлігінің ресми жауабын күтіп отырғанын айтты.

    «Мұндай ақпарат бар. Бірақ ресми жауап күтіп отырмыз», – деді Сымбат Еркінбек.

    Еске сала кетейік,  бұған дейін Ресейге жұмыс істеуге кеткен қазақстандық жастардың Луганскідегі соғыс аймағында қалып қойғаны хабарланған.

    7 қазанда олардың туыстары Астанадағы Сыртқы істер министрлігінің алдына жиналып, жақындарын соғыс аймағынан шығарып, елге қайтаруды талап етті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →