Астанада Tarlan Astana құрылысына байланысты екі жол учаскесінде қозғалыс шектелді
Астанада Tarlan Astana екінші кезеңінің құрылысына байланысты Сығанақ және Айтматов көшелерінің екі учаскесінде көлік қозғалысы ішінара шектелді.
Фото: shutterstock
Астанада Tarlan Astana нысанының екінші кезеңінің құрылыс жұмыстарына байланысты екі жол учаскесінде көлік қозғалысы ішінара шектелді.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Қозғалыс ішінара жабылған учаскелер:
— Сығанақ көшесінің Төле би көшесінен Айтматов көшесіне дейінгі бөлігі;

— Айтматов көшесінің Сығанақ көшесінен Қ. Мұхамедханов көшесіне дейінгі бөлігі.
Жүргізушілерге маршруттарын алдын ала өзгертіп, жол белгілерін ескеруге кеңес беріледі.
Бұған дейін Алматыдағы жеңіл рельсті көлік (ЖРК) бірінші желісінің құрылысы туралы жазылған болатын. Ол 2026 жылдың маусым айының басында ресми түрде басталды. Желі шамамен 18 км-ге созылып, бойында 34 платформа қарастырылған. Абылай хан даңғылынан Алматы-2 вокзалына дейінгі учаскеде пойыздар автономды режимде жүреді.
Маусым айының соңында жұмыстар Төле би көшесіне жетіп, болашақ жолдар үшін учаске дайындала бастады. Құрылыс салдарынан автокөлік жүргізушілері екі жолақтан айырылды, ал қоғамдық көлік жолаушылары кептелісте тұрып, жаңа желінің іске қосылуын күтуге мәжбүр.
Әкімдікте барлық құрылыс жұмыстарын 2027 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отырғанын мәлімдеген еді.
