Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 25 қараша 2026 $ 456,7↑€ 498,5↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алтай өлкесінде көпқабатты тұрғын үй жарылып кетті: адам шығыны бар • Ақбота Керімбекова шоу-бизнестегі жасандылық пен бөлінушілікке наразылық білдірді • Алматының Рахат-Мәдениет шағынауданындағы 15 мыңнан астам тұрғын орталық инженерлік желілерге қосылады • Жазира Байырбекова құдағиын «Алтын алқа» медалімен құттықтады • Мемлекеттік қызмет көрсету: құжаттардағы кемшіліктерді жоюға екі жұмыс күні беріледі • Түркістан облысында аурухананың бас дәрігері 117 млн теңге жымқырған • Алтай өлкесінде көпқабатты тұрғын үй жарылып кетті: адам шығыны бар • Ақбота Керімбекова шоу-бизнестегі жасандылық пен бөлінушілікке наразылық білдірді • Алматының Рахат-Мәдениет шағынауданындағы 15 мыңнан астам тұрғын орталық инженерлік желілерге қосылады • Жазира Байырбекова құдағиын «Алтын алқа» медалімен құттықтады • Мемлекеттік қызмет көрсету: құжаттардағы кемшіліктерді жоюға екі жұмыс күні беріледі • Түркістан облысында аурухананың бас дәрігері 117 млн теңге жымқырған •

    7 қазанда Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады, көктайғақ пен өрт қаупі сақталады

    7 қазанда Қазақстанда ауа райы құбылмалы: батыста жаңбыр, солтүстікте қар, көктайғақ, тұман және бірқатар өңірде жоғары өрт қаупі күтіледі.

    7 қазанда Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады, көктайғақ пен өрт қаупі сақталады

    Сурет: istockphoto

    7 қазанда Қазақстан аумағында ауа райы тұрақсыз болады. Елдің батысында, солтүстік-батысында және орталығында жаңбыр жауады, ал солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыстың таулы өңірлерінде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    «Қазгидромет» синоптиктерінің болжамынша, республика бойынша жел күшейеді. Солтүстікте бұрқасын соғуы мүмкін, ал солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда көктайғақ қаупі бар. Кейбір жерлерде тұман түседі.

    Сонымен қатар түнде Алматы және Қызылорда облыстарының солтүстігінде, сондай-ақ Түркістан облысының таулы аймақтарында топырақ бетіндегі температура 1 градусқа дейін төмендейді.

    Жетісу облысының солтүстігінде және Жамбыл облысының таулы аймақтарында үсік -2°С-қа дейін жетеді.

    Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Алматы, Ақтөбе, Қызылорда облыстарының жекелеген аудандарында, сондай-ақ Жетісу облысында өрт қаупі жоғары болады.

    Ал Қызылорда облысы, Ұлытау облысы, Ақтөбе және Атырау облыстарының жекелеген аудандарында төтенше өрт қаупі болжанып отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →