«Уәде еткен паркинг жоқ, енді жерін де алып қоймақ»: Астанада тұрғындар құрылысқа қарсы шықты
Фото: видео скриншот
Астанадағы «Ақ Дидар» тұрғын үй кешенінің тұрғындары ауладағы автотұрақ мәселесіне байланысты наразылық білдірді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Тұрғындардың айтуынша, үй сатып алар кезде бас жоспар бойынша осы аумақта жабық паркинг салынатыны айтылған, алайда ол әлі күнге дейін бой көтермеген.
Енді тұрғындар автокөлік қоятын аумақтың басқа құрылысқа берілмек болғанына қарсы шығып отыр.
Олар онсыз да тұрақ тапшы екенін айтып, бастапқы жоспардағы паркингтің салынуын талап етті.
Тұрғындар бұл мәселе шешілмесе, ауладағы көлік қою жағдайы одан әрі қиындайтынын алға тартады.
Әзірге құрылыс компаниясы мен жауапты органдардың бұл жағдайға қатысты ресми түсініктемесі жарияланған жоқ.
