Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 6 қазан 2026 $ 448,5↓€ 501,6↓₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Уәде еткен паркинг жоқ, енді жерін де алып қоймақ»: Астанада тұрғындар құрылысқа қарсы шықты • Қазақмыс Жезқазған мыс балқыту зауытындағы 250-ден астам электролиз ваннасын жаңартады • «Петропавлда адам түгілі, көлік әрең өтеді»: тұрғындар күн сайын батпақ кешуге мәжбүр • «Үш рет от шыққан»: Алматыдағы тұрғын үйдің қасбетіндегі жарық тағы тұтанды • Алматының Медеу ауданында абаттандыру тәсілін өзгертіп жатыр • Алматыдағы Медеу ауданының 54 мыңнан астам тұрғыны жаңа инженерлік желімен қамтылады • «Уәде еткен паркинг жоқ, енді жерін де алып қоймақ»: Астанада тұрғындар құрылысқа қарсы шықты • Қазақмыс Жезқазған мыс балқыту зауытындағы 250-ден астам электролиз ваннасын жаңартады • «Петропавлда адам түгілі, көлік әрең өтеді»: тұрғындар күн сайын батпақ кешуге мәжбүр • «Үш рет от шыққан»: Алматыдағы тұрғын үйдің қасбетіндегі жарық тағы тұтанды • Алматының Медеу ауданында абаттандыру тәсілін өзгертіп жатыр • Алматыдағы Медеу ауданының 54 мыңнан астам тұрғыны жаңа инженерлік желімен қамтылады •

    Алматыда жас әйелдер жеке пәтерде жезөкшелікпен айналысқан

    Алматыда жас әйелдер жеке пәтерде жезөкшелікпен айналысқан

    Фото: видеодан скрин

    Алматыда полиция қызметкерлері интимдік қызмет көрсету орны болған деген күдікпен пәтерді анықтады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Ықтимал заңсыз әрекет туралы ақпарат «102» пультіне түскен. Шақырту бойынша оқиға орнына «Буран-220» патрульдік экипажы жедел жетті.

    «Жалға алынған пәтерден құқық қорғау қызметкерлері 20-дан 35 жасқа дейінгі төрт әйелді анықтады. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың әрқайсысы белгілі бір қызмет атқарған. Біреуі әкімшілік жұмыспен айналысқан, екіншісі тапсырыс қабылдаған, ал тағы екеуі интимдік қызмет көрсеткен деген болжам бар», – деп хабарлады полиция.

    Полиция анықтағандай, төрт әйелдің барлығы Алматыға Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен келген. Олар анықталғаннан кейін Алмалы аудандық полиция басқармасына жеткізілді.

    Қазір құқық қорғау органдары әйелдердің жеке басын тексеріп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Сонымен қатар бұл қызметті ұйымдастыруға қатысы бар болуы мүмкін адамдар іздестірілуде.

    Тексеру нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылданады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →