Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 5 қазан 2026 $ 448,9↑€ 505,4↑₽ 5,39↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Соғым деп сан соқтырған: Астанада жылқы етін сатушы алаяқ сотталды • «Ұшақ ішінде 45 минут отырдық»: шымкенттік жолаушы FlyArystan-ды сотқа берді • Каспийдегі қайғылы оқиғадан аман қалған сарбаздар үйлеріне оралды • Мемлекет басшысы қауіпсіздік салалары бойынша бірқатар жаңа тағайындау жасады • Астанада автобус жолақысы 150 теңгеге дейін қымбаттайтын болды • Янн Лекун: Жасанды интеллект адамзатты жояды деген қауіп жоқ • Соғым деп сан соқтырған: Астанада жылқы етін сатушы алаяқ сотталды • «Ұшақ ішінде 45 минут отырдық»: шымкенттік жолаушы FlyArystan-ды сотқа берді • Каспийдегі қайғылы оқиғадан аман қалған сарбаздар үйлеріне оралды • Мемлекет басшысы қауіпсіздік салалары бойынша бірқатар жаңа тағайындау жасады • Астанада автобус жолақысы 150 теңгеге дейін қымбаттайтын болды • Янн Лекун: Жасанды интеллект адамзатты жояды деген қауіп жоқ •

    «Балық қырылып болған соң ғана қимылдады ма?»: Ырғыздағы жағдайға тұрғындар алаңдап отыр

    «Балық қырылып болған соң ғана қимылдады ма?»: Ырғыздағы жағдайға тұрғындар алаңдап отыр

    Фото: видео скриншот

    Ақтөбе облысы Ырғыз ауданындағы Бірсуат өзенінде балық жаппай қырылып, су бетіне жүздеген өлі балық қалқып шыққан, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Оқиға орнына барған мамандар шортан, сазан және табан балықтарының қырылғанын анықтап, судан және өлі балықтардан зертханалық сынама алған.

    Нұрын ауылдық округінің әкімдігі қазір қырылған балықтарды жинап, жою жұмыстарын жүргізіп жатыр.

    Алайда осындай көлемдегі балық қырылғанша өзеннің жағдайы неге бақылауға алынбағаны және жергілікті әкімдік мәселені неге алдын ала байқамағаны сұрақ туғызады.

    Балық шаруашылығы комитетінің мәліметінше, Бірсуат өзенінің арнасы ешбір табиғат пайдаланушыға бекітілмеген, ал балықтың нақты неден қырылғаны сараптама қорытындысынан кейін белгілі болады.

    Енді тұрғындар тек зертхана жауабын емес, экологиялық жағдайға кім жауап беретіні және мұндай жағдайдың қайталанбауы үшін әкімдік қандай шара қабылдайтыны жөнінде нақты жауап күтеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →