Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 4 қазан 2026 $ 442,4↑€ 497,8↓₽ 5,31↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Қазақстан гимнастары Азия ойындарында топтық көпсайыста қола жүлде алды

    Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Аичи-Нагоядағы 2026 жылғы Азия ойындарында топтық көпсайыста қола медаль жеңіп алды. Финалда 51,550 ұпай жинады.

    Қазақстан гимнастары Азия ойындарында топтық көпсайыста қола жүлде алды

    Фото: ҰОК

    Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан топтық көпсайыста қола медаль жеңіп алды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Финалда қазақстандық гимнастар 51,550 ұпай жинады. Оның ішінде бес доппен орындалған жаттығу үшін 25,450 ұпай, ал үш шығыршық пен екі жұп ұршықты қолданған бағдарлама үшін 26,100 ұпай берілді.

    Қазақстан сапында Жасмин Жүнісбаева, Аида Хәкімжанова, Мадина Мырзабай, Айзере Нұрмағамбетова және Кристина Чепульская өнер көрсетті.

    Жарыс қорытындысы бойынша Қытай құрамасы 55,300 ұпаймен жеңімпаз атанды, ал Жапония командасы 52,500 ұпаймен күміс жүлдеге қол жеткізді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →