Қазақстан су добынан Азия ойындарының күмісін жеңіп алды
Қазақстан ерлер құрамасы су добынан Аичи-Нагоядағы Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды. Финалда Жапония құрамасы 24:7 есебімен жеңіске жетті.
Сурет: ҰОК
Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан ерлер құрамасы су добынан жүлдегер атанды. Отандық спортшылар финалға шығып, турнир қожайындары — Жапония құрамасымен шеберлік байқасты.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Алайда төрт кезең қорытындысы бойынша жапониялық ватерполистер 24:7 есебімен басым түсті. Осылайша Қазақстан командасы 2026 жылғы Азия ойындарын күміс медальмен түйіндеді.
