Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 1 қазан 2026 $ 439,7↓€ 498,3↓₽ 5,25↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Астанада Instagram мен TikTok арқылы лоторея өткізіп, 124,8 млн теңге тапқандар ұсталды

    Астанада Instagram мен TikTok арқылы лоторея өткізіп, 124,8 млн теңге тапқандар ұсталды

    Фото: freepik.com

    Астанада Instagram мен TikTok арқылы құмар ойын өткізіп, 124,8 млн теңге тапқандар қолға түсті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Белгілі болғандай, сот шешімімен екі қылмыстық іс бойынша прокурордың талап қою талаптары толық қанағаттандырылды. Нәтижелері бойынша Instagram және TikTok әлеуметтік желісіндегі екі құмар ойынды ұйымдастырушыдан заңсыз жолмен алынған 124,8 млн теңгеден астам ақша өндірілді.

    «Елорда прокуратурасы арнайы лицензиясыз интернетте құмар ойындар мен лотереяларды ұйымдастыру заң бұзу болып саналатынын қатаң түрде ескертті. Заңсыз ойын бизнесінен ақша табу әрекеттері (соның ішінде Instagram және TikTok) белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соғады», – делінген прокуратура хабарламасында.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →