Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 1 қазан 2026 $ 439,7↓€ 498,3↓₽ 5,25↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Атырау облысында жол апатынан жасөспірім қаза тапты • Қазақстан бокс федерациясы Азия ойындарындағы төрешілер шешіміне наразылық білдірді • Криштиану Роналду Португалия құрамасының базасынан кетті • Тоқаев Бавариядағы форумда Қазақстанның агроөнеркәсіп әлеуетін таныстырды • «Шексіз құжат толтырма»: Депутаттар дерігерлердің жұмысын реттеу керектігін айтты • Моңғолиялық қазақ балуаны Азия ойындарында дзюдодан алтын алды • Атырау облысында жол апатынан жасөспірім қаза тапты • Қазақстан бокс федерациясы Азия ойындарындағы төрешілер шешіміне наразылық білдірді • Криштиану Роналду Португалия құрамасының базасынан кетті • Тоқаев Бавариядағы форумда Қазақстанның агроөнеркәсіп әлеуетін таныстырды • «Шексіз құжат толтырма»: Депутаттар дерігерлердің жұмысын реттеу керектігін айтты • Моңғолиялық қазақ балуаны Азия ойындарында дзюдодан алтын алды •

    Қазақстан бокс федерациясы Азия ойындарындағы төрешілер шешіміне наразылық білдірді

    Қазақстан бокс федерациясы Азия ойындарында Махмұд Сабырхан мен Наталья Богданованың жекпе-жектеріндегі төрешілер шешіміне наразылық білдіріп, World Boxing ұйымына ресми шағым жолдады.

    Қазақстан бокс федерациясы Азия ойындарындағы төрешілер шешіміне наразылық білдірді

    Сурет: Ашық дереккөз

    Қазақстан бокс федерациясы Азия ойындарының жартылай финалында Махмұд Сабырхан мен Наталья Богданованың жекпе-жектеріндегі төрешілер шешіміне байланысты World Boxing ұйымына ресми наразылық жолдады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Қазақстандық екі боксшы да жартылай финалда төрешілердің 2:3 есебіндегі шешімімен қарсыластарына жол беріп, Азия ойындарының қола жүлдесін иеленді.

    55 келіге дейінгі салмақта екі дүркін әлем чемпионы Махмұд Сабырхан Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, филиппиндік Карло Пааламмен кездесті. Үш раундқа созылған тартысты жекпе-жектің қорытындысында төрешілер жеңісті Пааламға берді.

    Ал 75 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы Наталья Богданова үндістандық Ловлина Боргохайнмен жұдырықтасты. Бұл кездесуде де жеңімпаз үш раундтан кейін төрешілердің бөлек шешімімен анықталып, 3:2 есебімен үндістандық спортшы басым түсті.

    Қазақстан бокс федерациясы екі жекпе-жектің нәтижесіне қатысты World Boxing ұйымына наразылық білдіргенін мәлімдеді. Алайда федерация төрешілікке қатысты нақты қандай талаптар қойылғанын әзірге жариялаған жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →