Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 1 қазан 2026 $ 439,7↓€ 498,3↓₽ 5,25↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Шексіз құжат толтырма»: Депутаттар дерігерлердің жұмысын реттеу керектігін айтты • Моңғолиялық қазақ балуаны Азия ойындарында дзюдодан алтын алды • Әке иісі сәбидің бейтаныс адамдармен қарым-қатынасын жақсартады – зерттеу • Қарағандыда төрт жасар қыз алтыншы қабаттан құлап көз жұмды • Алматыда алғаш рет робот көмегімен асқазанға ота жасалды • Тоқаев Aurubis AG байқаушылар кеңесінің төрағасын қабылдады • «Шексіз құжат толтырма»: Депутаттар дерігерлердің жұмысын реттеу керектігін айтты • Моңғолиялық қазақ балуаны Азия ойындарында дзюдодан алтын алды • Әке иісі сәбидің бейтаныс адамдармен қарым-қатынасын жақсартады – зерттеу • Қарағандыда төрт жасар қыз алтыншы қабаттан құлап көз жұмды • Алматыда алғаш рет робот көмегімен асқазанға ота жасалды • Тоқаев Aurubis AG байқаушылар кеңесінің төрағасын қабылдады •

    Моңғолиялық қазақ балуаны Азия ойындарында дзюдодан алтын алды

    Моңғолия құрамасындағы этникалық қазақ балуаны Ёлка Кәдірбекұлы Аичи-Нагоядағы Азия ойындарында дзюдодан 66 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды.

    Моңғолиялық қазақ балуаны Азия ойындарында дзюдодан алтын алды

    Сурет: turkystan.kz

    26 жастағы Ёлка Кәдірбекұлы Жапонияның Аичи-Нагоя қалаларында өтіп жатқан Азия ойындарында дзюдодан 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион атанды. Ол Моңғолия құрамасының сапында өнер көрсетеді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Аталған салмақта барлығы 20 дзюдошы белдескен. Кәдірбекұлы алғашқы айналымнан бос болып, кейін Ауғанстан өкілі Хикматуллах Рахманиді, одан соң Тәжікстанның Нурали Эмомалиін жеңді.

    Жартылай финалда ол Қазақстан құрамасының мүшесі Ғұсман Қырғызбаевпен кездесіп, «ваза-ари» бағасымен жеңіске жетіп, финалға жолдама алды.

    Шешуші белдесуде Кәдірбекұлы Өзбекстан өкілі Абдурахим Нутфиллоевты ұтты. Бұл алтын Моңғолия құрамасының Аичи-Нагоядағы Азия ойындарында жеңіп алған алғашқы алтын жүлдесі болды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →