Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 1 қазан 2026 $ 441,2↓€ 501,3↓₽ 5,22↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда алғаш рет робот көмегімен асқазанға ота жасалды • Тоқаев Aurubis AG байқаушылар кеңесінің төрағасын қабылдады • Бернд Ульбрихт корпорация бастамаларына қолдау көрсеткені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты • Қазақстандық әртіс Қытайда «Жылдың әні» жүлдесін жеңіп алды • Алматыда Халықаралық қарттар күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтеді • Қазақстан экономикасы саннан сапаға бет алды: соңғы жеті жылда не өзгерді? • Алматыда алғаш рет робот көмегімен асқазанға ота жасалды • Тоқаев Aurubis AG байқаушылар кеңесінің төрағасын қабылдады • Бернд Ульбрихт корпорация бастамаларына қолдау көрсеткені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты • Қазақстандық әртіс Қытайда «Жылдың әні» жүлдесін жеңіп алды • Алматыда Халықаралық қарттар күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтеді • Қазақстан экономикасы саннан сапаға бет алды: соңғы жеті жылда не өзгерді? •

    Тоқаев Aurubis AG байқаушылар кеңесінің төрағасын қабылдады

    Қасым-Жомарт Тоқаев Aurubis AG байқаушылар кеңесінің төрағасы Фриц Варенхольтты қабылдап, тау-кен металлургиясындағы бірлескен жобалар мен ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

    Тоқаев Aurubis AG байқаушылар кеңесінің төрағасын қабылдады

    Сурет: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Aurubis AG байқаушылар кеңесінің төрағасы Фриц Варенхольтты қабылдады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Кездесу барысында Қазақстанның тау-кен металлургиясы кешеніндегі бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру перспективасы талқыланды.

    Президент Германияның Қазақстан үшін Еуропадағы негізгі экономикалық және технологиялық серіктестердің бірі екенін атап өтті.

    Оның айтуынша, отандық өнеркәсіптің басым міндеттерінің бірі – шикізат шығарудан металды терең өңдеуге, озық технологияларды енгізуге және қосылған құны жоғары өнім өндірісі моделіне көшу.

    Ықпалдастықтың негізгі бағыттары ретінде құрамы күрделі мыс шикізатын кешенді өңдеу, ілеспе металдарды алу, қайта өңдеуді дамыту және өңдеудің кейінгі сатысындағы өндіріс нысандарын жергіліктендіру айқындалды.

    Елімізде мыс сынықтарын және техногендік минералдар түзілімін қайта өңдеу бойынша «Тау-Кен Самұрық» ұлттық компаниясы мен Aurubis арасындағы ынтымақтастық әлеуетіне ерекше назар аударылды.

    Сонымен қатар аталған бағыттағы келешегі бар жобаларды жүзеге асыру жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірлеу мүмкіндігі қарастырылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →