Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 30 қыркүйек 2026 $ 441,2↓€ 501,3↓₽ 5,22↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    800 млн теңге: Қазақмыс Шу ауданындағы спорт инфрақұрылымын жетілдіріп жатыр • Өзбекстанда бала зорлағандар өмір бойы түрмеде отыратын заң қабылданды • Шамиль Ожаев грек-рим күресінен Азиаданың ширек финалына шықты • Қасым-Жомарт Тоқаев Канцлер Фридрих Мерцті елімізге мемлекеттік сапармен келуге шақырды • Тұрғындарға шұғыл ескерту: елімізде күн күрт суытады • Тоқаев Германияның жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми институттарының басшыларымен кездесті • 800 млн теңге: Қазақмыс Шу ауданындағы спорт инфрақұрылымын жетілдіріп жатыр • Өзбекстанда бала зорлағандар өмір бойы түрмеде отыратын заң қабылданды • Шамиль Ожаев грек-рим күресінен Азиаданың ширек финалына шықты • Қасым-Жомарт Тоқаев Канцлер Фридрих Мерцті елімізге мемлекеттік сапармен келуге шақырды • Тұрғындарға шұғыл ескерту: елімізде күн күрт суытады • Тоқаев Германияның жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми институттарының басшыларымен кездесті •

    Тоқаев Германияның жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми институттарының басшыларымен кездесті

    Тоқаев Германияның жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми институттарының басшыларымен кездесті

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның жетекші жоғары оқу орындарының ректорларымен және ғылыми институттарының басшыларымен кездесуде екі ел арасындағы білім беру бағдарламаларын, қос дипломды оқу жүйесін және академиялық алмасуды кеңейтуді ұсынды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info Ақордаға сілтеме жасап.

    Мемлекет басшысы өз сөзінде Қазақстан мен Германия арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықтың жетістіктеріне ерекше тоқталды.

    Оның айтуынша, бұл нәтижелерге 2023 жылғы маусымда Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайердің Астанаға сапары кезінде басталған саяси диалогты нығайтудың арқасында қол жеткізілді.

    «Бүгінде Қазақстанның 45 жоғары оқу орны Германияның 100-ге жуық серіктесімен ынтымақтастық орнатқан. Қазақстаннан екі мыңға жуық студент Германияда білім алып жүр. Қазір елімізде шетелдік университеттердің 30-дан астам филиалы мен серіктестік өкілдігі жұмыс істейді. Бұл көрсеткіштер көп нәрсені аңғартады. Алайда олар серіктестігіміздің тереңдігін толық көрсете алмайды. Ең маңыздысы – біз бірлесіп не құрып жатқанымыз. Бұл ретте ынтымақтастығымыздың сипаты түбегейлі өзгеріп келе жатқанын айтып отырмын», – деді Президент.

    Мемлекет басшысы Қазақстанды Еуразиядағы жетекші академиялық және ғылыми-зерттеу орталығына айналдыруды стратегиялық басымдықтардың бірі ретінде атады.

    «Біз дәстүрлі модельді өзгертіп жатырмыз. Бұрын жастарымызды негізінен шетелге оқуға жіберсек, қазір жетекші халықаралық жоғары оқу орындарының білім беру стандарттары мен мамандану бағыттарын Қазақстанға тартудамыз. Кардифф университеті, KAIST және Колорадо тау-кен мектебі елімізде жұмыс істеп жатыр.

    Қазір Қазақстанда 40 мыңнан астам шетелдік студент білім алуда. 2029 жылға қарай олардың санын 100 мыңға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Болон процесіне қатысушы ел ретінде Қазақстан білім сапасын қамтамасыз ету мен білім беру дәрежелерінің өзара сәйкестігі бойынша еуропалық стандарттарды қолданады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Мемлекет басшысының айтуынша, екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы серіктестік аясында Қазақстан экономикасының қажеттіліктеріне сай білім беру және ғылыми орталықтар құрылып жатыр.

    Осы жұмыстың нәтижесінде Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында Қазақстан мен Германияның бірлескен университеттері ашылды.

    «Бұл мысалдар маңызды қағидатты көрсетеді. Экономика мен технологияның нақты қажеттіліктеріне жауап беретін академиялық серіктестіктер ғана барынша тиімді болады. Университеттер өндірістен оқшау жұмыс істемеуге тиіс. Ғылыми зерттеулер жаңа технологияларды жасауға жол ашуы керек, ал білім беру жүйесі экономиканы жоғары білікті мамандармен қамтамасыз етуі қажет», – деп атап өтті Президент.

    Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөніндегі көзқарасымен бөлісті. Ол білім алмасудан білімді бірлесіп қалыптастыруға көшуге мүмкіндік беретін серіктестіктің үш негізгі бағытын ұсынды.

    «Біріншіден, серіктес жоғары оқу орындары арасындағы бірлескен білім беру бағдарламалары мен қос дипломды оқу бағдарламаларын кеңейтуіміз керек. Екі елдің студенттері мен зерттеушілерінің бірлесіп жұмыс істеуіне жаңа мүмкіндіктер ашу маңызды. Осыған байланысты мемлекеттеріміз арасындағы академиялық байланысты нығайтуға ықпал ететін арнайы білім беру алмасу бағдарламасын іске қосуды ұсынамын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →