Нора Джеруто Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды
Қазақстандық жеңіл атлет Нора Джеруто Аичи-Нагоядағы Азия ойындарында 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден күміс медаль жеңіп алды.
Сурет: ҰОК
Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия ойындарының финалында қазақстандық жеңіл атлет Нора Джеруто 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден екінші орынға шықты.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Ол ақтық бәсекеде қашықтықты 9:06.82 уақытта бағындырып, жеңіс тұғырының күміс сатысына көтерілді.
Алтын медальді бахрейндік Яви Винфред 9:04.36 уақытпен жеңіп алды. Үндістандық Парул Чаудхари 9:08.67 көрсеткішімен үздік үштікті түйіндеді.
