Аянат Жұмағали Азия ойындарында күміс жүлдегер атанды
Қазақстандық ауыр атлет Аянат Жұмағали Жапониядағы Азия ойындарында 77 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдегер атанды. Оның қоссайыс қорытындысы 246 келі.
Сурет: ҰОК
Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық ауыр атлет Аянат Жұмағали әйелдер арасында 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс медаль жеңіп алды.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Ол жұлқа көтеруде 109 келіні, ал серпе көтеруде 137 келіні бағындырды. Қоссайыс қорытындысы бойынша Аянаттың жиынтық салмағы 246 келіні құрады.
Бұл салмақта Қытай спортшысы Хэ Жэньсю алтын медальға қол жеткізді — 258 (118+140) келі. Ирандық Рейхане Карими 243 (107+136) келімен үздік үштікті түйіндеді.
