Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 27 қыркүйек 2026 $ 442,8↑€ 504,4↑₽ 5,25↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Қазақстан семсерлесушілері Азия ойындарында шпагадан алтын алды

    Қазақстанның семсерлесуден ерлер құрамасы Аичи–Нагоядағы XX жазғы Азия ойындарында шпага бойынша командалық жарыста Оңтүстік Кореяны жеңіп, алтын медаль алды.

    Қазақстан семсерлесушілері Азия ойындарында шпагадан алтын алды

    Сурет: ҰОК

    Жапонияның Аичи–Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында Қазақстанның семсерлесуден ерлер құрамасы шпага бойынша командалық жарыста алтын медаль жеңіп алды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Финалда қазақстандық семсерлесушілер Оңтүстік Корея құрамасымен шешуші бәсекеде басым түсіп, Азия ойындарының чемпионы атанды.

    Бұл – соңғы жылдары ірі халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсетіп жүрген қазақстандық семсерлесу мектебінің кезекті маңызды жетістігі.

    Айта кетейік, осы Азия ойындарында қазақстандық шпагашылар жекелей сында да жүлде иеленді. Кирилл Проходов финалда Жапония өкілі, екі дүркін Олимпиада чемпионы Коки Каномен кездесіп, 13:15 есебімен есе жіберіп, күміс медаль жеңіп алды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →