Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 27 қыркүйек 2026 $ 442,8↑€ 504,4↑₽ 5,25↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мединадан Стамбулға ұшқан ұшақта жолаушы қайтыс болды • Шайдоров Братиславадағы Челленджерде қола жүлде алды • Қазақстан Фарер аралдарымен 1:1 есебімен тең түсті • Шымкентте кибергигиена: алаяқтардың торына түспеудің жолдары түсіндірілді • Елназ Қалиахметтің жеңісі Қазақстан әйелдер құрамасын Олимпиадада екінші орынға шығарды • Каспийдегі қаза болған әскерилердің отбасыларына қаражат жинау ресми түрде аяқталды • Мединадан Стамбулға ұшқан ұшақта жолаушы қайтыс болды • Шайдоров Братиславадағы Челленджерде қола жүлде алды • Қазақстан Фарер аралдарымен 1:1 есебімен тең түсті • Шымкентте кибергигиена: алаяқтардың торына түспеудің жолдары түсіндірілді • Елназ Қалиахметтің жеңісі Қазақстан әйелдер құрамасын Олимпиадада екінші орынға шығарды • Каспийдегі қаза болған әскерилердің отбасыларына қаражат жинау ресми түрде аяқталды •

    Алматыда автобус апаты: төрт адам медициналық көмекке жүгінді

    Алматыда Golden Dragon автобусы ЗИЛ жүк көлігіне соғылып, төрт адам медициналық көмекке жүгінді. Оқиға Бөкейханов көшесінде болды.

    Алматыда автобус апаты: төрт адам медициналық көмекке жүгінді

    Фото: freepik

    Алматыда жолаушылар автобусы мен үш көлік қатысқан жол апаты тіркелді. Оқиға салдарынан төрт адам медициналық көмекке жүгінген. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаменті мәлімдеді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Алдын ала мәлімет бойынша, Golden Dragon автобусы Бөкейханов көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Райымбек даңғылына жақындағанда жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай қалған. Соның салдарынан автобус жол жиегінде тұрған ЗИЛ жүк көлігіне соғылған. Соққыдан кейін ЗИЛ инерциямен алдында тұрған ГАЗ көлігіне барып соқтығысқан.

    Полицияның мәліметінше, жол апатынан кейін төрт адам медициналық көмекке жүгінген. Олардың арасында ЗИЛ көлігінің жүргізушісі мен автобустың жолаушылары бар.

    БАҚ мәліметінше, автобуста жүкті әйел мен екі бала болған. Жолаушылардың бірі автобустың №80 бағытта жүргенін айтқан. Оның сөзінше, соқтығыс кезінде автобустың сынған әйнегі салонға шашыраған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →