Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 26 қыркүйек 2026 $ 442,0↓€ 502,5↓₽ 5,20↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Тоқаев қаза тапқан әскерилердің отбасыларына көңіл айтты

    Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскерилердің отбасыларына көңіл айтып, мемлекеттік наградаларға ұсынылатынын мәлімдеді.

    Тоқаев қаза тапқан әскерилердің отбасыларына көңіл айтты

    Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына жеке жеделхат арқылы көңіл айтты.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Жеделхаттарды қаза тапқандардың туыстарына Маңғыстау және Түркістан облыстарының басшылары, Бас мүфти Наурызбай Тағанұлы және қоғам белсенділері табыс етті.

    Президент отбасыларға барлық қажетті көмек көрсетілетінін, ал трагедияға кінәлілер жауапқа тартылатынын уәде етті.

    Сонымен қатар Тоқаев қаза тапқан әскери қызметшілер мемлекеттік наградаларға ұсынылатынын хабарлады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →