Атырауда темір қабылдау пунктінде екі теміржол вагоны өртенді
Атырау қаласындағы темір қабылдау пунктінде пайдаланылмай тұрған екі теміржол вагоны өртенді. Зардап шеккендер жоқ, өрт 17:48-де оқшауланды.
Фото: Видеодан скрин
Атырау қаласында темір қабылдау пунктінің аумағында пайдаланылмай тұрған екі теміржол вагоны өртенді. Зардап шеккендер жоқ.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қызыл жалын 17:48-де оқшауланды. Оқиға орнына Атырау облысы ТЖД қызметкерлері мен арнайы техникасы жұмылдырылған.
— Зардап шеккендер жоқ. Вагондардың ішінде ешқандай зат болмаған. Қызыл жалын жақын маңдағы ғимараттарға таралмаған, — деді ТЖД баспасөз қызметі.
