Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 26 қыркүйек 2026 $ 445,6↓€ 507,0↓₽ 5,25↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтауда әскери қызметшілердің қаза болуы: Үкіметтік комиссия отырысы өтті • Шымкентте асаба есірткі сақтағаны үшін ұсталды • XX жазғы Азия ойындары: жетісайыс жеңімпаздары анықталды • Полиция қызметкері 12-қабаттан секірмек болған қызды құтқарып қалды • «Үш студенттен туберкулез табылды»: Қарағандыдағы Бөкетов университетінен шу шықты • Екібастұздағы ГРЭС-1-ге 140 млн теңгеден астам айыппұл салынуы мүмкін • Ақтауда әскери қызметшілердің қаза болуы: Үкіметтік комиссия отырысы өтті • Шымкентте асаба есірткі сақтағаны үшін ұсталды • XX жазғы Азия ойындары: жетісайыс жеңімпаздары анықталды • Полиция қызметкері 12-қабаттан секірмек болған қызды құтқарып қалды • «Үш студенттен туберкулез табылды»: Қарағандыдағы Бөкетов университетінен шу шықты • Екібастұздағы ГРЭС-1-ге 140 млн теңгеден астам айыппұл салынуы мүмкін •

    Екібастұздағы ГРЭС-1-ге 140 млн теңгеден астам айыппұл салынуы мүмкін

    Екібастұздағы ГРЭС-1-ге 140 млн теңгеден астам айыппұл салынуы мүмкін

    gres1.kz

    Павлодар облысының экология департаменті Екібастұздағы екі кәсіпорынның жұмысын сот арқылы тоқтатуды талап етті. Ал «Екібастұз ГРЭС-1» кәсіпорнына 140 млн теңгеден астам айыппұл салынуы мүмкін, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Экологиялық тексерулер қала тұрғындарының шағымынан кейін жүргізілген. Олар ауадағы шаң мен қоршаған ортаның ластануына байланысты бірнеше рет шағымданған. «Ангренсор Энерго» ЖШС-не қарасты көмір разрезінің сыртқы үйіндісінде өздігінен тұтанған көмір ошақтары анықталды. Кәсіпорынға 2 311 670 теңге көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл толық төленген.

    Сонымен қатар экология департаменті өрт ошақтары толық жойылғанға дейін кәсіпорынның экологиялық рұқсатының қолданысын тоқтатуды соттан талап етті. «EXTRACLASS» ЖШС-не жүргізілген тексеру кезінде асфальт-бетон зауытын пайдалану жөніндегі жобалық шешімдерге мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы жоқ екені анықталды. Компанияға 216 250 теңге айыппұл салынды. Ол да төленді. Бұдан бөлек, департамент сараптаманың оң қорытындысы алынғанға дейін зауыттың жұмысын тоқтатуды сот арқылы талап етті.

    Тамыз айында «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-де экологиялық тексеру жүргізілді. Мамандар көміртегі тотығы шығарындыларының белгіленген нормативтен асқанын анықтады. Артық шығарындылар секундына 65,29235 граммды құраған. Кәсіпорында қалдықтарды басқару талаптарының да бұзылғаны анықталды.

    Атап айтқанда, тиісті экологиялық рұқсатсыз қалдықтар жинақталған. Тексеру қорытындысы бойынша 140 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл салу жөніндегі материалдар сотқа жолданды. Осылайша, Екібастұздағы экологиялық тексерулердің нәтижесінде кәсіпорындарға айыппұл салынып, екі нысанның жұмысын анықталған заңбұзушылықтар жойылғанға дейін тоқтату туралы сотқа талап арыз берілді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →