Halyk қоры қаза тапқан әрбір сарбаздың отбасына 25 млн теңгеден бөліп, банк қарыздарын кешірді
Halyk қоры Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскерилердің отбасыларына 25 млн теңге бөлді, Halyk Bank қарыздарды кешірді.
Фото: Gov.kz
Құлыбаев атындағы Halyk қоры Маңғыстау облысында Каспий теңізінің жағалауында өткен оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметкерлердің отбасыларына қолдау көрсету мақсатында 25 миллион теңге бөлді.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Сонымен қатар Halyk Bank мерзімді әскери қызметкерлердің банк алдындағы қарыздарын толықтай кешіретінін мәлімдеді.

Қор мен банк басшылығы қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
«Жақын адамнан айырылу – сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес қиын қасірет. Біз қаза тапқандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамыз, ауыр қазаларына ортақтасамыз. Әскери қызметкерлердің туған-туыстарына, достары мен әріптестеріне шын жүректен көңіл айтамыз. Осы ауыр күндері біз қаза тапқандардың отбасыларының жанынан табылып, оларға қолдау көрсеткіміз келеді», – деп атап өтті Halyk қоры мен Halyk Bank.
Айта кетсек, қайғылы оқиға 24 қыркүйекте оқу-жаттығу кезінде болды. Әскери қызметкерлердің қаза табуына байланысты 25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.
