Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 23 қыркүйек 2026 $ 446,8 512,8 5,31
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Асу Алмабаевтың UFC-дегі келесі қарсыласы белгілі болды

    Асу Алмабаев UFC-дегі келесі жекпе-жегін 21 қарашада Дохада жапониялық Кёдзи Хоригутимен өткізеді. Алмабаев рейтингте 7-орында, Хоригути 5-орында.

    Асу Алмабаевтың UFC-дегі келесі қарсыласы белгілі болды

    Сурет: DAR Pro Team

    Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаевтың UFC-дегі келесі қарсыласы ресми түрде жарияланды. Ол Катарда өтетін турнирде жапониялық Кёдзи Хоригутимен жұдырықтасады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    DAR Pro Team мәліметінше, жекпе-жек 21 қарашада Дохада өтетін UFC Fight Night турнирінің негізгі кардында ұйымдастырылады.

    Қазіргі таңда Алмабаев UFC-дің аса жеңіл салмақ дәрежесіндегі рейтингінде жетінші орында тұр. Ал оның қарсыласы Хоригути бесінші сатыда орналасқан.

    Жапониялық спортшы бұған дейін Rizin ұйымында аса жеңіл және жеңіл салмақта чемпион атанған. Сондай-ақ Bellator промоушенінде де чемпиондық белбеу иеленген.

    Асу Алмабаев қатарынан үш жекпе-жекте жеңіске жеткен. Кәсіпқой ММА-дағы мансабында ол 24 рет жеңіп, үш кездесуде жеңілген.

    Ал Кёдзи Хоригути соңғы кездесуінде португалиялық Манель Капеден жеңіліп, бес жекпе-жектен тұратын жеңісті сериясын тоқтатты. Айта кетейік, Капе бұған дейін Алмабаевты да жеңген.

    Хоригутидің кәсіпқой ММА-дағы көрсеткіші – 36 жеңіс, алты жеңіліс және нәтижесіз аяқталған бір кездесу.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →