Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 24 қазан 2026 $ 449,2↑€ 503,8↑₽ 5,49↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада демалыс күндері қар жауа ма? Синоптиктер болжамы • Атырауда мұнай өңдеу зауытының санитарлық аймағындағы үйлерді көшіру қарастырылуда • Петропавлда қыз қозғалыстағы көліктен секіріп, басқа көлік қағып кетті • Иорданиядағы шіркеу маңындағы шабуылдан жеті адам қаза тапты • Республика күні: Алматыда 880 орындық үш жаңа мемлекеттік балабақша ашылды • Атырауда әдепсіз сөз айтқан қыздың ата-анасы жауапкершілікке тартылды • Астанада демалыс күндері қар жауа ма? Синоптиктер болжамы • Атырауда мұнай өңдеу зауытының санитарлық аймағындағы үйлерді көшіру қарастырылуда • Петропавлда қыз қозғалыстағы көліктен секіріп, басқа көлік қағып кетті • Иорданиядағы шіркеу маңындағы шабуылдан жеті адам қаза тапты • Республика күні: Алматыда 880 орындық үш жаңа мемлекеттік балабақша ашылды • Атырауда әдепсіз сөз айтқан қыздың ата-анасы жауапкершілікке тартылды •

    Петропавлда науқас дәрігерге күш қолданып, қылмыстық іс қозғалды

    Петропавлда науқас дәрігерге күш қолданып, қылмыстық іс қозғалды. Бұл өңірдегі екінші жағдай. Маусымдағы оқиға үшін ер адам 1,5 жылға сотталған.

    Петропавлда науқас дәрігерге күш қолданып, қылмыстық іс қозғалды

    Сурет: istockphoto

    Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті Петропавлда тұрғын мен дәрігер арасындағы жанжал қылмыстық іске ұласқанын хабарлады. Оқиға 17 тамызда болған.

    Полиция мәліметінше, 51 жастағы қала тұрғыны дәрігермен сөйлесу кезінде дау туындаған. Медицина қызметкерінің ескертуіне ер адам агрессиямен жауап беріп, оның бетінен ұрған.

    Бұл факті бойынша «медицина қызметкеріне өміріне немесе денсаулығына қауіпті емес күш қолдану» бабымен қылмыстық іс қозғалды.

    Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Әлібек Қожахметовтің айтуынша, бұл өңірде медицина қызметкерлеріне күш қолдануға қатысты тіркелген екінші жағдай. Алғашқысы маусым айында Шал ақын ауданында болған: жол апатынан кейін көмек көрсетіп жатқан медицина қызметкеріне мас күйдегі ер адам күш қолданған. Сот оны 1,5 жылға бас бостандығынан айырған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →