Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 453,3↑€ 508,7↑₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Республика күніне орай ел кітапханаларында 900-ге жуық іс-шара өтті • Қазақстандық актриса Шұғыла Ешен Golden Globes сыйлығының иегері атанды • «Той-томалақтан басқа не еңбек сіңірдің?»: Айкерім Қалаубаева мақтанамын деп, елден сөз естіді (ВИДЕО) • Ақтөбеде TikTok-та балағат сөздер айтқан ер адам 5 тәулікке қамалды • Балқаш мыс балқыту зауытында 16 мың шаршы метрден астам шатыр жаңартылды • Қостанайда полициядан қашқан жүргізуші автобусқа соғылып, қаза тапты • Республика күніне орай ел кітапханаларында 900-ге жуық іс-шара өтті • Қазақстандық актриса Шұғыла Ешен Golden Globes сыйлығының иегері атанды • «Той-томалақтан басқа не еңбек сіңірдің?»: Айкерім Қалаубаева мақтанамын деп, елден сөз естіді (ВИДЕО) • Ақтөбеде TikTok-та балағат сөздер айтқан ер адам 5 тәулікке қамалды • Балқаш мыс балқыту зауытында 16 мың шаршы метрден астам шатыр жаңартылды • Қостанайда полициядан қашқан жүргізуші автобусқа соғылып, қаза тапты •

    Петропавлда кәріз құдығының маңынан әйелдің мәйіті табылды

    Петропавлда кәріз құдығының маңынан әйелдің мәйіті табылды
    Фото: depositphotos.com
    Петропавлда қалалық ауруханаға жақын жердегі кәріз құдығының маңынан әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Әйелдің денесі 27 тамызда Тауфик Мұхамедрахимов көшесінен табылған. Мәйітте ыдырау белгілері болған. Құжаттары болмағандықтан, әйелдің жеке басын бірден анықтау мүмкін болмады.

    Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

    27 тамызда Петропавл қаласындағы Тауфик Мұхамедрахимов көшесінде кәріз құдығының маңынан әйелдің денесі табылды. Қазіргі уақытта марқұмның жеке басы анықталған жоқ. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – деп мәлімдеді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

    Қазір полиция марқұмның жеке басын анықтап, оның өлімінің себептері мен мән-жайын тексеріп жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →