Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 29 тамыз 2026 $ 463,4 539,7 5,42
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Өскеменде 35 жастағы ер адам Ертіс өзенінің көпірінен секіріп кетті

    Өскеменде 35 жастағы ер адам Ертіс өзенінің көпірінен секіріп кетті

    Фото: Ашық дереккөз

    Өскеменде құтқарушылар мен полицейлер Ертіс өзенінің көпірінен секіріп кеткен 35 жастағы ер адамды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Оқиға туралы хабарлама «102» арнасына 27 тамыз күні сағат 16:24-те түскен. Бастапқыда полицияға көпірден Ертіске белгісіз ер адамның секіріп кеткені туралы ақпарат келген.

    Тексеру барысында құқық қорғау органдары оның жеке басын анықтады. Ол 35 жастағы қала тұрғыны болып шықты.

    Қазіргі уақытта іздестіру жұмысы жалғасып жатыр. Оған полиция қызметкерлері, құтқарушылар және басқа да тиісті қызметтер жұмылдырылған.

    Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →