Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 16 қазан 2026 $ 451,4↑€ 506,7↑₽ 5,40↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Семейде балконда тұрған газ баллоны тұтанып кеткен • «Кеудесінен ұрғаны несі?»: сабақ өткізбек болған Айгүл Иманбаева сөз естіді (ВИДЕО) • Жөкей көлінен 33 келі балық ауладғандар алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін • Ыстамбұлдағы нөсер жауынның кесірінен ұшақ рейстері жаппай тоқтап жатыр • «Бір перзентінің қызығын көрмеді»: Ырысбала әкесі жайлы айтып жылап қалды (ВИДЕО) • Семейде сәбиді қоқысқа тастаған бұрынғы полицей өмір бойына сотталды • Семейде балконда тұрған газ баллоны тұтанып кеткен • «Кеудесінен ұрғаны несі?»: сабақ өткізбек болған Айгүл Иманбаева сөз естіді (ВИДЕО) • Жөкей көлінен 33 келі балық ауладғандар алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін • Ыстамбұлдағы нөсер жауынның кесірінен ұшақ рейстері жаппай тоқтап жатыр • «Бір перзентінің қызығын көрмеді»: Ырысбала әкесі жайлы айтып жылап қалды (ВИДЕО) • Семейде сәбиді қоқысқа тастаған бұрынғы полицей өмір бойына сотталды •

    «Осы келінді керіліп жатып жұмсау бұйырсын»: Тойда тілек айтқан әйелдің сөзі көптің ашуына тиді

    «Осы келінді керіліп жатып жұмсау бұйырсын»: Тойда тілек айтқан әйелдің сөзі көптің ашуына тиді

    Фото: Видеодан скрин

    Желіде жаңа түскен келінге тілек айтқан әженің сөзі көпшіліктің ашуын туғызды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Тойда ақ тілегін білдірген егде жастағы әйел: «Осы келінді барлығымыз керіліп жатып жұмсау бұйырсын» деген. Әжейдің бұл сөзіне асаба да таңданысын білдіріп, «Ойбай» деп тоқталған.

    Видеоны көрген желі қолданушылары  бұл сөзді қатты сынға алды.

    «Масқара, той күні не деп тұр?», «Отбасылық өмір осындайдан бұзылады», «Құл сатып алғандай айтып жатыр», «Не деген тілек?», «Өзінің қызын да осылай жұмсаса не істер еді?», «Ұят қой мына сөзі», – деп жазды көпшілік.

    Желі қолданушыларының бұл сөзге ерекше назар аударуына отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі де себеп болған. Әсіресе Меркідегі 19 жастағы Мадина Рашидқызының өліміне қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жатыр.

    Марқұмның жақындары Мадинаны күйеуі мен енесі ұрып-соғып өлтірді деп айыптаған. Ал ауылдағы кейбір тұрғындар отбасы туралы өзге пікір білдіріп, бұл жағдайға қатысты айтқан сөздерімен жұрттың наразылығын тудырған.

    Қазіргі таңда Мадинаның өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр. Көпшілік істің әділ шешімін күтіп отыр.

    Айта кетейік, бұл тойдағы даулы тостқа қатысты алғашқы жағдай емес. Бұған дейін әйелдерді кемсітіп сөйлеген азаматтың сөзі де қоғамда үлкен дау туғызып, кейін ол қамауға алынған болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →