Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 20 тамыз 2026 $ 462,1 534,9 5,44
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жаңа пәтер иелеріне баспана кілтін табыстады Руслан Өскенәлі Жезқазғандағы негізгі әлеуметтік жобалардың іске асырылу барысын тексерді Артық сөйлеудің азабы: Динара Сатжан әйгілі Бағдагүл емшіні сотта екінші рет жеңіп шықты «Бернлидегі» маусымнан кейін Дастан Сәтпаев: жалға ауысу, «Челси» немесе сатылым? Қазақстанда ит пен мысықты чиптеу міндеттеледі «100 миллион кетті»: Алтынай Жорабаеваның қызының жасауын көрсетті Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жаңа пәтер иелеріне баспана кілтін табыстады Руслан Өскенәлі Жезқазғандағы негізгі әлеуметтік жобалардың іске асырылу барысын тексерді Артық сөйлеудің азабы: Динара Сатжан әйгілі Бағдагүл емшіні сотта екінші рет жеңіп шықты «Бернлидегі» маусымнан кейін Дастан Сәтпаев: жалға ауысу, «Челси» немесе сатылым? Қазақстанда ит пен мысықты чиптеу міндеттеледі «100 миллион кетті»: Алтынай Жорабаеваның қызының жасауын көрсетті

    «Арбамен жүру мүмкін емес»: Атыраудың орталығындағы жолдың сиқы тұрғынды ашуландырды

    «Арбамен жүру мүмкін емес»: Атыраудың орталығындағы жолдың сиқы тұрғынды ашуландырды
    Фото: видеодан скрин

    Атырау тұрғыны қаланың орталығындағы Сәтбаев көшесінде жаяу жүргіншілер жолының әбден бүлінгеніне шағымданды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Оның айтуынша, төсемтастар ойылып, кей тұсы шұңқырға айналғандықтан, бұл жермен бала арбасын жүргізу қиын. «Брусчатканың бәрі шұңқыр, жүру мүмкін емес. Баламды арбамен алып өтсем, арба қатты селкілдейді. Әрең өттік», – дейді тұрғын. Қала орталығындағы жаяу жүргіншілер жолының мұндай күйде болуы коммуналдық инфрақұрылымның қалай күтіп ұсталып отырғанына қатысты сұрақ туғызады. Әкімдік мәселені тұрғындар әлеуметтік желіде көтергеннен кейін ғана назарға алатын болса, жауапты мекемелердің жол жағдайын тұрақты бақылауы қаншалықты тиімді деген сауал бар. Тұрғын Сәтбаев көшесіндегі бүлінген төсемтастарды ретке келтіріп, жаяу жүргіншілерге, әсіресе бала арбасымен жүретін ата-аналарға қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасауды талап етіп отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →