Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 11 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Айбек Оралбай суперауыр салмаққа ауысу себебін айтып берді • Алматыда қоқыс арасынан тасталған мылтық табылды • Тоқаев Каспий теңізінің тартылуына қарсы бірлескен ғылыми зерттеулер мен технологияларды ұсынды • Қостанай облысында өрт жарылысқа айнала жаздады • Көлік сатылған соң камера айыппұлдары кімге келеді және оны қалай даулауға болады • Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертіндегі жағдайға Freedom Афиша түсініктеме берді • Айбек Оралбай суперауыр салмаққа ауысу себебін айтып берді • Алматыда қоқыс арасынан тасталған мылтық табылды • Тоқаев Каспий теңізінің тартылуына қарсы бірлескен ғылыми зерттеулер мен технологияларды ұсынды • Қостанай облысында өрт жарылысқа айнала жаздады • Көлік сатылған соң камера айыппұлдары кімге келеді және оны қалай даулауға болады • Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертіндегі жағдайға Freedom Афиша түсініктеме берді •

    «Қайсар» Қазақстан кубогының финалына жолдама алды

    Қызылордалық «Қайсар» футбол клубы Қазақстан кубогының жартылай финалында «Жеңісті» жалпы есеп 5:4-пен ұтып, финалға шықты. Финалда «Ордабасымен» кездеседі.

    «Қайсар» Қазақстан кубогының финалына жолдама алды

    Сурет: turkystan.kz

    Қызылордалық «Қайсар» футбол клубы Қазақстан кубогының жартылай финалында елордалық «Жеңіспен» болған екі ойынның қорытындысы бойынша финалға шықты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Қарымта кездесу «Астана Арена» стадионында өтіп, алаң иелері 3:2 есебімен жеңіске жетті.

    «Жеңіс» сапында хорватиялық шабуылшы Андрия Филипович дубль жасап, 25 және 75-минуттарда гол соқты. Тағы бір допты 18-минутта бразилиялық жартылай қорғаушы Гьяа душ Сантуш Мартинш қақпаға дәл бағыттады.

    Ал «Қайсар» сапынан бразилиялық вингер Микейас 69-минутта мергендік танытса, Рамазан Бағдат 90-минутта командасының екінші голын соқты.

    Қызылордада өткен алғашқы жартылай финалдық кездесуде «Қайсар» 3:1 есебімен жеңіске жеткен еді.

    Осылайша, екі матчтың қорытындысы бойынша жалпы есеп 5:4 болып, «Қайсар» Қазақстан кубогының финалына жолдама алды.

    Финалда қызылордалық клуб «Ордабасымен» кездеседі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →