Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 19 қазан 2026 $ 452,3↓€ 508,4↓₽ 5,48↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Санкт-Петербургке дрон шабуылы: бір адам қаза тауып, бес адам жараланды • Астанада жалаңаш жүрген ер адам 15 тәулікке қамаққа алынды • Айти-Нагоя 2026 Азия Пара ойындарында Қазақстан туы көтерілді • eGov Mobile-де отбасы әл-ауқатын бағалайтын калькулятор іске қосылды • Шымкенттегі автосервисте өрт шығып, екі жұмысшы зардап шекті • Жамбыл облысында сотталушыға тыйым салынған заттар беру әрекетінің жолы кесілді • Санкт-Петербургке дрон шабуылы: бір адам қаза тауып, бес адам жараланды • Астанада жалаңаш жүрген ер адам 15 тәулікке қамаққа алынды • Айти-Нагоя 2026 Азия Пара ойындарында Қазақстан туы көтерілді • eGov Mobile-де отбасы әл-ауқатын бағалайтын калькулятор іске қосылды • Шымкенттегі автосервисте өрт шығып, екі жұмысшы зардап шекті • Жамбыл облысында сотталушыға тыйым салынған заттар беру әрекетінің жолы кесілді •

    Оқушылар сабақ кезінде телефондарын қайда қояды? Оқу-ағарту министрлігі жауап берді

    Оқушылар сабақ кезінде телефондарын қайда қояды? Оқу-ағарту министрлігі жауап берді

    Қазақстанда мектептер оқушылардың сабақ кезінде мобильді телефондарын қайда қалдыратынын өздері анықтайды. Бұл туралы Үкіметтегі брифингте Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Оның айтуынша, оқу процесі кезінде оқушыларға телефон пайдалануға болмайды. Тек бұл оқу жоспарында қарастырылған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі.

    Егер қысқа мерзімді жоспарда қарастырылмаса, бала оқу процесі кезінде ұялы телефон қолданбайды, – деді Шынар Ақпарова.

    Бұл ретте оқушы телефонды сабақ алдында нақты кімге тапсыруы керектігі жөнінде бірыңғай талап болмайды. Мұндай ұйымдастырушылық мәселелерді әр мектеп өз жағдайына қарай дербес реттейді.

    Телефонды кімге тапсыру керек – мұғалімге бере ме, әлде сыныпта қалдыра ма, мұның бәрін білім беру ұйымы өзінде жасалған жағдайға байланысты нақты белгілейді. Телефондар сыныпта арнайы жерде сақталуы мүмкін немесе бөлек жәшіктер қойылуы ықтимал, – деп түсіндірді бірінші вице-министр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →