Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 19 қазан 2026 $ 452,3↓€ 508,4↓₽ 5,48↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Санкт-Петербургке дрон шабуылы: бір адам қаза тауып, бес адам жараланды • Астанада жалаңаш жүрген ер адам 15 тәулікке қамаққа алынды • Айти-Нагоя 2026 Азия Пара ойындарында Қазақстан туы көтерілді • eGov Mobile-де отбасы әл-ауқатын бағалайтын калькулятор іске қосылды • Шымкенттегі автосервисте өрт шығып, екі жұмысшы зардап шекті • Жамбыл облысында сотталушыға тыйым салынған заттар беру әрекетінің жолы кесілді • Санкт-Петербургке дрон шабуылы: бір адам қаза тауып, бес адам жараланды • Астанада жалаңаш жүрген ер адам 15 тәулікке қамаққа алынды • Айти-Нагоя 2026 Азия Пара ойындарында Қазақстан туы көтерілді • eGov Mobile-де отбасы әл-ауқатын бағалайтын калькулятор іске қосылды • Шымкенттегі автосервисте өрт шығып, екі жұмысшы зардап шекті • Жамбыл облысында сотталушыға тыйым салынған заттар беру әрекетінің жолы кесілді •

    Қазақстанда жоғары оқу орындарындағы оқу мерзімі қысқаруы мүмкін

    Қазақстанда жоғары оқу орындарындағы оқу мерзімі қысқаруы мүмкін

    Фото: gov.kz
    Қазақстанда жоғары білім беру жүйесін түбегейлі өзгертіп, оқу мерзімін қысқарту мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті, деп хабарлайды QazaqTodayinfo.kz ақпарат порталы. 

    Ведомство басшысының айтуынша, қазіргі қарқынмен дамыған заманда, әсіресе IT және жасанды интеллект салаларында білім мен технологиялар өте тез ескіретіндіктен, төрт жылдық оқу мерзімі тым ұзақ болуы мүмкін. Осыған байланысты студенттерге қысқартылған бағдарламамен оқуға мүмкіндік беретін қолданбалы бакалавриат форматы ұсынылуда. Алдағы қыркүйек айында елімізде оқу процесін жекелендіру алгоритмдері арқылы құратын алғашқы Қазақстандық жасанды интеллект зерттеу университеті іске қосылады.

    ЖОО-ларға білім беру бағдарламаларын жасауда үлкен еркіндік беріліп, жаңа модельдерге арналған нормативтік база дайындалды. Болашақта елімізде анағұрлым икемді әрі гибридті оқыту форматтары дамытылатын болады. Бұл бастама жоғары оқу орындарына жаңа екпін беріп, заман талабына сай икемді маман даярлауға жол ашады деп күтілуде.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →