Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 18 тамыз 2026 $ 463,3 536,5 5,52
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ұлттық банк жаңа Конституцияға арналған коллекциялық монетаны айналымға шығарады Қазақстанда 2026-2027 оқу жылынан бастауыш сыныптарда бағалау жүйесі өзгереді Махаббат тілі: жұлдыз белгілеріне қарай серіктесіңізді қалай түсінуге болады Сеутаға мигранттар ағыны қаупі: Испания шекарада әскери күштерін күшейтті Қарағандыда Mercedes теміржол өткелінде тоқтап, көмекпен шығарылды Жапонияда аниме тауарларына 4,3 млрд иендік тапсырыс беріп, алмаған әйел қамауға алынды Ұлттық банк жаңа Конституцияға арналған коллекциялық монетаны айналымға шығарады Қазақстанда 2026-2027 оқу жылынан бастауыш сыныптарда бағалау жүйесі өзгереді Махаббат тілі: жұлдыз белгілеріне қарай серіктесіңізді қалай түсінуге болады Сеутаға мигранттар ағыны қаупі: Испания шекарада әскери күштерін күшейтті Қарағандыда Mercedes теміржол өткелінде тоқтап, көмекпен шығарылды Жапонияда аниме тауарларына 4,3 млрд иендік тапсырыс беріп, алмаған әйел қамауға алынды

    Қазақстанда 2026-2027 оқу жылынан бастауыш сыныптарда бағалау жүйесі өзгереді

    Қазақстанда 2026-2027 оқу жылынан бастап бастауыш сыныптарда бағалау жүйесі өзгереді: 2-4-сыныптарда формативтік бағалау күшейтіліп, аралық бағалау енгізіледі.

    Қазақстанда 2026-2027 оқу жылынан бастауыш сыныптарда бағалау жүйесі өзгереді

    Сурет: kznews.kz

    Қазақстанда 2026-2027 оқу жылынан бастап бастауыш сынып оқушыларының білімін бағалау тәртібіне өзгеріс енгізіледі. Жаңа тәсіл 1 қыркүйектен бастап 2-4-сыныптарға қолданыла бастайды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова айтты.

    Оның мәліметінше, бастауыш сыныптардағы бағалау жүйесін жаңартуға ата-аналардың ұсыныстары, педагогтердің тәжірибесі, оқушылардың білім нәтижелерін бақылау көрсеткіштері, сондай-ақ отандық және халықаралық зерттеулер негіз болған.

    Жаңа тәртіп енгізілгенімен, критериалды бағалау жүйесі сақталады. Алайда 2-4-сыныптарда оның кейбір тетіктері жаңаша қолданылады.

    Бірінші сынып оқушыларына бұрынғыдай баға қойылмайды.

    Ал 2-4-сыныптарда формативтік бағалаудың рөлі күшейтіледі. Ол 1-ден 10 балға дейінгі шкала бойынша жүргізіле береді, бірақ балл қою талаптары нақтыланады. Сонымен қатар формативтік бағалаудың тоқсандық қорытынды бағаға қосатын үлесі артады.

    Тағы бір өзгеріс – оқу бөлімдерін меңгеру деңгейін анықтайтын аралық бағалаудың енгізілуі.

    «Бірінші сыныпта баға қойылмайды. Жаңартылған тәртіпте формативтік бағалау сақталып, оның рөлі күшейтіледі. Ал оқу бөлімдерін меңгеру нәтижесін анықтау үшін аралық бағалау енгізіледі. Ең алдымен формативтік бағалаудың тоқсандық бағадағы үлесі артады. Формативтік бағалау бұрынғыдай 1-ден 10 балға дейінгі шкала бойынша жүргізіледі. Тек балл қою тәсілі нақтыланады», – деді Шынар Ақпарова.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →