Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 17 тамыз 2026 $ 463,5 536,3 5,52
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қарқаралыдағы өрт: әкімдік пен төтеншеліктердің селқостығына тұрғындар наразы Қарағанды облысында Нұра өзенінің жағасы қоқысқа толды: тазалыққа кім жауапты? Суға талас: Жезқазған тұрғындары әкімдіктің әрекетіне наразы Көпірден қысылған халық: Қарасай ауданының әкімдігі жаяу жүргіншілер мәселесін шеше алмай отыр Семейдегі сергелдең: әкімдік тұрғындарға бір ғана аядалма салып беру үшін жер таппай отыр Құтқарушылар Алматы тауларында жоғалған туристі тапты Қарқаралыдағы өрт: әкімдік пен төтеншеліктердің селқостығына тұрғындар наразы Қарағанды облысында Нұра өзенінің жағасы қоқысқа толды: тазалыққа кім жауапты? Суға талас: Жезқазған тұрғындары әкімдіктің әрекетіне наразы Көпірден қысылған халық: Қарасай ауданының әкімдігі жаяу жүргіншілер мәселесін шеше алмай отыр Семейдегі сергелдең: әкімдік тұрғындарға бір ғана аядалма салып беру үшін жер таппай отыр Құтқарушылар Алматы тауларында жоғалған туристі тапты

    Қазақстандық оқушы әлемдегі үздік бес жас бағдарламашының қатарына енді

    Қазақстандық оқушы әлемдегі үздік бес жас бағдарламашының қатарына енді

    Фото: Оқу-ағарту министрлігі

    Ташкент қаласында 92 елден 375 оқушы қатысқан Информатикадан халықаралық IOI 2026 олимпиадасы аяқталды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Қазақстан құрамасының төрт мүшесі де жүлде иеленді. Ұлттық құрама 1 алтын және 3 күміс медаль жеңіп алып, әлемдік командалық есепте 10-орынға ие болды. Бұл — Қазақстан құрамасының олимпиада тарихындағы үздік нәтижелерінің бірі.

    Астана қаласындағы «Spectrum» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы Максим Цой алтын медаль жеңіп алып, әлемдік жеке есепте 5-орын иеленді. Осылайша ол әлемдегі үздік бес жас бағдарламашының қатарына енді.

    Қазақстан құрамасының күміс медаль иегерлері қатарында Астана қаласындағы дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Алдияр Сейтбай, Қызылорда облысындағы осындай лицей-интернаттың 11-сынып оқушысы Мансұр Мамадахунов және Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS-тің 12-сынып оқушысы Асқар Әкежан бар. Қазақстан құрамасына Astana IT University бас жаттықтырушысы Темірлан Сатылханов пен International University of Information Technology синьор-лекторы Айбар Қуанышбай жетекшілік етті.

    2025 жылы қазақстандық оқушылар 3 күміс және 1 қола медаль жеңіп алып, әлемдік командалық есепте 14-орын иеленген болатын. Биыл ұлттық құрама өз нәтижесін төрт сатыға жақсартты.

    Қазақстандық оқушылар Информатикадан халықаралық олимпиадаға қатысқан жылдар ішінде барлығы 79 медаль жеңіп алды

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →