Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 14 тамыз 2026 $ 465,6 537,1 5,60
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Алматыда электр қуатының авариялық өшірілуі: қала қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

    Алматыда 14 тамызда электр қуаты авариялық өшірілді. Метро, су құбыры, бағдаршамдар — қала қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

    Алматыда электр қуатының авариялық өшірілуі: қала қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

    2026 жылғы 14 тамызда энергожүйедегі қуат балансының авариялық бұзылуына байланысты Алматы қаласында сыртқы электрмен жабдықтау уақытша тоқтатылды. Қала әкімдігінің мәліметінше, қазіргі уақытта барлық қалалық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп, қаланың тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдауда, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Метрополитеннің жұмысы электр қуатының өшірілуіне байланысты уақытша тоқтатылды. Станциялар кернеу қалпына келгенге дейін кіру және шығу үшін жабық. Метроның қайта іске қосылуы туралы қосымша хабарланады.

    Стационарлар мен басқа да медициналық ұйымдар үздіксіз жұмыс жоспарларына сәйкес жұмыс істеуді жалғастыруда. Олар дизельдік генераторлармен және үздіксіз қоректендіру көздерімен жабдықталған. Бірінші кезекте реанимация, операциялық бөлмелер, қабылдау бөлімшелері, тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері және басқа да маңызды жабдықтар резервтік қуатпен қамтамасыз етіледі. Жедел медициналық көмек белгіленген тәртіпте көрсетіледі.

    Электр қуатының өшірілуіне байланысты кейбір аудандарда су қысымының уақытша төмендеуі және сумен жабдықтауда үзілістер болуы мүмкін, әсіресе ғимараттардың жоғарғы қабаттарында. Бұл электрмен жұмыс істейтін сорғы станцияларының уақытша тоқтауына байланысты. Электр қуаты қалпына келтірілгеннен кейін сорғы станциялары іске қосылып, сумен жабдықтау біртіндеп қалпына келеді.

    Сондай-ақ, электр желілерінен қоректенетін кейбір бағдаршам объектілері өшірілді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жол полициясы қызметкерлері бағдаршамдар жұмыс істемейтін учаскелерде жол қозғалысын ұйымдастыру және реттеу бойынша қажетті шараларды қолдануда.

    Алматы қаласының әкімдігі қалалық қызметтермен бірлесіп жағдайды бақылауды жалғастыруда және қаланың тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қолдануда. Электрмен жабдықтаудың қалпына келуі туралы қосымша ақпарат берілетін болады. Тұрғындарды сабырлық сақтауға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →