Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 12 қазан 2026 $ 453,4↓€ 507,8↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Саған мұңымды шағамын»: Нұрғали Нүсіпжанов әйелі Жадыра туралы жазды • Зообақтағы Алтай атты жолбарыс жас жігітті жұрттың алдында талап өлтірді (ВИДЕО) • БҚО-да 126 мың теңгеге таласқан құдалар соттан бірақ шықты • Бес мыңға жуық науқасқа ағза трансплантациясы қажет • «Қара көзілдірік тағып алған»: Астанада ер адам мектепте оқитын қыз баланы үйіне дейін аңдыған • Тоқаев Премьер-министр мен Құрылтай төрағасымен консультация өткізді • «Саған мұңымды шағамын»: Нұрғали Нүсіпжанов әйелі Жадыра туралы жазды • Зообақтағы Алтай атты жолбарыс жас жігітті жұрттың алдында талап өлтірді (ВИДЕО) • БҚО-да 126 мың теңгеге таласқан құдалар соттан бірақ шықты • Бес мыңға жуық науқасқа ағза трансплантациясы қажет • «Қара көзілдірік тағып алған»: Астанада ер адам мектепте оқитын қыз баланы үйіне дейін аңдыған • Тоқаев Премьер-министр мен Құрылтай төрағасымен консультация өткізді •

    АҚШ-та Қытай азаматтарына арналған жалған неке желісі әшкереленді

    АҚШ-та Қытай азаматтарына грин-карта алу үшін ұйымдастырылған жалған некелердің ең ірі желісі әшкереленді. 11 адамға айып тағылды, қызмет құны 100 мың долларға жеткен.

    АҚШ-та Қытай азаматтарына арналған жалған неке желісі әшкереленді

    Сурет: egemen.kz

    Америка Құрама Штаттарында Қытай азаматтарына грин-карта алуға көмектесу мақсатында құрылған жалған некелердің еліміздегі ең ірі желісі анықталды. Бұл туралы АҚШ Әділет министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Схеманы ұйымдастырды деген күдікпен 11 адамға айып тағылды. Тергеу деректеріне сүйенсек, олар мыңнан астам жалған неке қиюды ұйымдастырған. Мұндай қызметтің құны 100 мың долларға дейін жеткен. Бұл сомаға үйленуге ұсыныс жасау сәтін бейнелейтін фотосуреттер, үйлену тойының фотосессиясы және иммиграциялық сұхбатқа дайындық бойынша нұсқаулық кірген.

    Жалған некеге келіскен АҚШ азаматтарына үйлену тойы үшін 30 мың долларға дейін төленген. Некелер тек АҚШ-та ғана емес, Қытайда да қиылған.

    Биыл ақпан айында АҚШ-та Қытай азаматтарымен жалған неке ұйымдастырудың тағы бір схемасы әшкереленген болатын. Алайда ол кезде тек америкалық әскери қызметшілер тартылған. Олардың жұбайлары иммиграциялық мәртебе алумен қатар, әскери нысандарға кіруге мүмкіндік алған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →