Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 14 тамыз 2026 $ 465,3 536,2 5,61
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Түркияда туристік кеме өртеніп, 115 адам эвакуацияланды

    Түркияның Фетхие қаласы маңында туристік кеме өртеніп, 115 адам эвакуацияланды. Екі адам түтінге уланды, қаза тапқандар жоқ.

    Түркияда туристік кеме өртеніп, 115 адам эвакуацияланды

    Сурет: turkystan.kz

    Түркияның Фетхие қаласы маңында туристер мінген серуендеу кемесінде өрт шығып, жолаушылар мен экипаж мүшелері теңізге секіруге мәжбүр болды. Оқиға 13 тамызда Мугла провинциясындағы Катранджи шығанағы маңында болған, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Hurriyet.com мәліметінше, бір күндік туристік сапарға шыққан кемеде барлығы 115 адам, оның ішінде балалар да болған. Өрт кеме ішінде өте жылдам тарағандықтан, жалынды өз күштерімен сөндіру мүмкін болмай, жолаушыларды шұғыл эвакуациялау басталған.

    Оқиға орнына жағалау күзеті, теңіз полициясы, құтқарушылар және медицина қызметкерлері жеткен. Эвакуация жұмыстарына жақын маңдағы басқа кемелер де көмектескен. Нәтижесінде борттағы 115 адамның барлығы аман-есен құтқарылып, жағаға жеткізілген.

    Екі адам түтінге уланып, ауруханаға жатқызылған. Бірнеше бала да сақтық мақсатында дәрігерлердің тексеруінен өткен. Қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ. Өрт кейін толық сөндірілгенімен, кеме қатты зақымданып, пайдалануға жарамсыз күйге түскен.

    Қазір Түркия билігі өрттің шығу себебін анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр. Кемеде Қазақстан азаматтарының болған-болмағаны әзірге белгісіз.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →