Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 14 тамыз 2026 $ 466,1 537,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Ішкі сұраныстан әлемдік нарыққа: Қазақстан тыңайтқыш экспорттаушы елге айналады

    Ішкі сұраныстан әлемдік нарыққа: Қазақстан тыңайтқыш экспорттаушы елге айналады

    Таяу жылдарда Қазақстан тыңайтқыштардың негізгі түрлері бойынша ішкі қажеттілікті толық қамтамасыз етіп қана қоймай, оларды экспортқа да шығара бастайды. Елде жалпы құны бірнеше млрд доллар болатын заманауи зауыттардың құрылысы жүріп жатыр, деп жазады Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Келер жылы компаниялардың бірі қуаты 1 млн тонна болатын калий тыңайтқыштарын өндірудің алғашқы кезеңін іске қосып, 2035 жылға қарай өндіріс көлемін 12 млн тоннаға дейін ұлғайтады. Қазақстанның бұл тыңайтқыш түріне деген ішкі қажеттілігі небәрі 100 мың тоннаны құрайды.

    Сонымен қатар 2030 жылға қарай үш кешенді іске қосу арқылы карбамидке деген сұраныс толық қамтамасыз етіледі. Олардың өндірістік қуаты 577 мың тоннадан 800 мың тоннаға дейін жетеді. Бұған қоса, «Қазфосфат» компаниясы SINOPEC және CNCEC компанияларымен бірлесіп, фосфор тыңайтқыштарын өндіру қуатын 5 млн тоннаға дейін арттыру жобасын әзірлеуде. Оның алғашқы 1 млн тонна аммофос өндіретін қуаты 2029 жылы іске қосылады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →