Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 13 тамыз 2026 $ 466,1 537,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Италияда әйел қоқысқа тастаған лотерея билетінен миллион еуро ұтып алды Бесағашта бойжеткенге қырындаған қария анықталды Үндістанда ұшқыштың есірткі әсерінде болуы 20 жолаушының зардап шегуіне себеп болды Астанада Халықаралық жастар күні: «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары марапатталды Таразда жел батутты көтеріп, ішіндегі екі бала жерге құлады Айгүл Иманбаева екі жыл бұрынғы үйлену тойын еске алды Италияда әйел қоқысқа тастаған лотерея билетінен миллион еуро ұтып алды Бесағашта бойжеткенге қырындаған қария анықталды Үндістанда ұшқыштың есірткі әсерінде болуы 20 жолаушының зардап шегуіне себеп болды Астанада Халықаралық жастар күні: «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары марапатталды Таразда жел батутты көтеріп, ішіндегі екі бала жерге құлады Айгүл Иманбаева екі жыл бұрынғы үйлену тойын еске алды

    Бесағашта бойжеткенге қырындаған қария анықталды

    Алматы полициясы Бесағашта дүкен автотұрағында бойжеткенге тиісіп, интимдік қатынас ұсынған ер адамды анықтады. Ол Медеу ауданында тұрады.

    Бесағашта бойжеткенге қырындаған қария анықталды

    Бесағашта дүкеннің автотұрағында тұрған бойжеткенге тиісіп, интимдік қатынас ұсынған ер адамды полиция анықтады. Оқиға орнынан түсірілген видео қыздың Threads желісіндегі парақшасында жарияланған.

    Оның айтуынша, MAGNUM дүкенінің маңында оған мас күйіндегі егде жастағы ер адам жақындап, әдепсіз сөздер айтып, интимдік қатынас ұсынған. Қыз мұндай таныстыққа қызықпайтынын білдіргенімен, ер адам әрекетін тоқтатпаған.

    Жарияланған жазба Алматы қаласы Полиция департаментінің назарын аударған. Анықталғандай, ер адам Алматының Медеу ауданында тұрады.

    «Полиция қызметкерлері әлеуметтік желідегі видеодан оның кім екенін жедел анықтап, бөлімге жеткізді. Ер адамның арнайы медициналық есепте тұрғаны белгілі болды. Осыған байланысты жедел жәрдем шақырылды», – деп хабарлады ведомство.

    Соған қарамастан, ер адам өз әрекеті үшін жауап береді. Полиция оның заң аясында жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →