Алтынай Жорабаева жаңа құдаларын таныстырды
Әнші Алтынай Жорабаева қызын ұзату қарсаңында жаңа құдаларын таныстырды. Ол әлеуметтік желіде құттықтау сөздерін білдіріп, желі қолданушылары әртүрлі пікірлер қалдырды.
Сурет: ozgeris.info
Әнші Алтынай Жорабаева қызын ұзату қарсаңында жаңа құдаларын таныстырды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.
Ол әлеуметтік желідегі парақшасында: «Алланың қалауымен жаңа құдаларымызға есік-төр көрсетіп жатырмыз. Осындай қуанышты күнге жеткізген Раббыма шүкір. Дастарханымыз берекелі, дастық қарым-қатынасымыз ғұмырлы, екі әулеттің арасы сыйластық пен татулыққа толы болсын. Әумин!» деп жазды.
Желі қолданушылары екі жасқа ақ тілектерін білдіріп, түрлі пікірлер қалдырды. Олардың арасында әншінің бірінші күйеуі Сәбит Әбдіхалықовты еске алғандар да бар. «Туған әкесі тойға келе ме? Екі жас бақытты болсын», «Шашуды еркек шашпайды», «Құтты болсын», «Кім кімге құда түсіп жатыр өзі», деді олар.
