Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
«ҚазАвтоЖолдың» кезекті салғырттығы: Қарағанды мен Теміртау арасындағы тасжол неге тас қараңғы? Астанадағы ең үлкен мешіттің атауы «Нұрсұлтан мешіті» деп өзгертілді Бір нөсерге шыдамаған Маңғыстау: 85 үйдің ауласын су басып, әкімдік тағы да «бақылауда» деп ақталуда Жезқазғанда былтыр ғана төселген жаңа жолдың сиқы қашқан Stan.kz: Жаңалықтар мен сараптамалар Футболдан әлем чемпионаты: ширек финалға шыққан алғашқы жұп анықталды «ҚазАвтоЖолдың» кезекті салғырттығы: Қарағанды мен Теміртау арасындағы тасжол неге тас қараңғы? Астанадағы ең үлкен мешіттің атауы «Нұрсұлтан мешіті» деп өзгертілді Бір нөсерге шыдамаған Маңғыстау: 85 үйдің ауласын су басып, әкімдік тағы да «бақылауда» деп ақталуда Жезқазғанда былтыр ғана төселген жаңа жолдың сиқы қашқан Stan.kz: Жаңалықтар мен сараптамалар Футболдан әлем чемпионаты: ширек финалға шыққан алғашқы жұп анықталды

Бір нөсерге шыдамаған Маңғыстау: 85 үйдің ауласын су басып, әкімдік тағы да «бақылауда» деп ақталуда

Бір нөсерге шыдамаған Маңғыстау: 85 үйдің ауласын су басып, әкімдік тағы да «бақылауда» деп ақталуда

Маңғыстау облысының Бейнеу ауылында жауған кезекті нөсер жауын жергілікті биліктің инфрақұрылымдық мәселелерге келгенде тағы да қауқарсыз екенін көрсетіп берді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

Табиғаттың тосын мінезіне алдын ала қам жасамаған ауылда бір түнде 85 тұрғын үйдің ауласын су басып, халық әбден әуре-сарсаңға түсті. Оқиғадан кейін селт еткен әкімдік дереу есеп беруге көшіп, арнайы техниканың көмегімен 7 мың текше метрден астам суды сыртқа шығарғанын айтып ақталуда.

Қазіргі уақытта апат салдарын жою үшін оқиға орнына 25 техника мен 37 қызметкер жұмылдырылып, сору жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Мұндай су тасқыны бірінші рет емес, бірақ өңір басшылығы мәселені түпкілікті шешудің орнына жағдайды тек «бақылауда ұстаумен» ғана шектеліп келеді.

Әкімдіктің осы салғырттығынан зардап шеккен тұрғындарға енді тек ТЖ қызметінің нұсқауларын сақтап, өз күнін өзі көруден басқа амал қалмағандай.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика