Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 31 қазан 2026 $ 452,9↓€ 506,6↓₽ 5,57↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Жетісу облысында жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қаза тапты

    Жетісу облысында жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қаза тапты

    Фото: Видеодан скрин

    Жетісу облысында Алматы-Өскемен тасжолында болған жол-көлік оқиғасынан бес адам қаза тапты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 маусымда кешке Алматы-Өскемен тасжолының 432-шақырымында екі көлік соқтығысып, салдарынан екі көліктің жүргізушілері және үш жолаушы оқиға орнында қаза тапқан.

    «Тағы екі жолаушы түрлі дене жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілді», — делінген Жетісу облыстық ПД ұсынған ақпаратта.

    Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайы мен себебін жан-жақты анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

    Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауға, жылдамдық режимін дұрыс таңдауға, арақашықтықты сақтауға және рульде барынша мұқият болуға шақырады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →