Танымал продюсер, көпшілікке «Келінжан» телехикаясы арқылы кеңінен танылған Гүлнұр Мамасарипова әлеуметтік желіде жеке өміріне қатысты ой бөлісіп, оқырмандарына әсерлі жазба арнады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Продюсердің айтуынша, ол елу жастан асқаннан кейін ғана өзіне көбірек көңіл бөліп, жеке дамуына басымдық бере бастаған. Осы уақытқа дейін айналасындағы адамдардың қамын ойлап, өз қажеттіліктерін кейінге ысырып келгенін де жасырмады.
«Өзімнің “лучшая версиямды” жасаумен айналысып жатырмын. Елуден асқасын өзіме кезек бердім. Өмір бойы елдің бәрін без очереди өткізе бергенмін ғой. Ештен кеш жақсы», – деп жазды ол.
Желі қолданушылары продюсердің жазбасына қолдау білдіріп, өз-өзіне уақыт бөлу мен жеке бақыттың кез келген жаста маңызды екенін атап өтті.
