Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    Ақтөбеде бұрын ақталып шыққан шенеунік қайта түрмеге түсті

    Ақтөбеде бұрын ақталып шыққан шенеунік қайта түрмеге түсті

    Фото: Stan.kz

    Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының бұрынғы басшысы Нұрсұлтан Исембайұлы алаяқтық жасағаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі оқылғаннан кейін ол бірден қамауға алынды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.

    Тергеу мәліметінше, экс-шенеунік 2022 жылы жер телімін алып беруге көмектесемін деп жергілікті тұрғыннан 3 миллион теңге алған. Алайда уәде етілген жер телімі де берілмеген, ақша да қайтарылмаған.

    Исембайұлы кінәсін мойындамай, оқиға болған уақытта басқа жерде жүргенін айтқан. Алғашқы сот оны ақтағанымен, прокуратураның наразылығынан кейін іс қайта қаралды.

    Қайта сот талқылауы кезінде оның алибиі расталмай, ұялы байланыс деректері мен басқа да дәлелдер сотталушының әкімдік маңында болғанын көрсеткен. Нәтижесінде сот оны кінәлі деп танып, 3 жылға соттады және өмір бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →