Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 19 қазан 2026 $ 452,9↑€ 509,0↑₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Әлем үшінші дүниежүзілік соғысқа байқаусыз жақындап бара ма? Financial Times талдауы • Қостанай облысында екі шетелдік заңбұзушы елден шығарылады • Қазақстан семсершілері әлем кубогының финалына шықты • Балқаш көлінде қозғалтқышы істен шыққан қайықтан екі балықшы құтқарылды • Қазақстандық гимнасттар Роттердамдағы әлем чемпионатының финалына шықты • Санкт-Петербургке дрон шабуылы: бір адам қаза тауып, бес адам жараланды • Әлем үшінші дүниежүзілік соғысқа байқаусыз жақындап бара ма? Financial Times талдауы • Қостанай облысында екі шетелдік заңбұзушы елден шығарылады • Қазақстан семсершілері әлем кубогының финалына шықты • Балқаш көлінде қозғалтқышы істен шыққан қайықтан екі балықшы құтқарылды • Қазақстандық гимнасттар Роттердамдағы әлем чемпионатының финалына шықты • Санкт-Петербургке дрон шабуылы: бір адам қаза тауып, бес адам жараланды •

    Қазақстанда шәкіртақы тағы көбейе ме?

    Қазақстанда шәкіртақы тағы көбейе ме?

    Соңғы жылдары шәкіртақы айтарлықтай өскен. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек шәкіртақы құнын өсіру мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Ведомство басшысы соңғы бес жылда елде стипендия мөлшері жыл сайын 20-25%-ға көтерілгенін айтты.

    «2025 жылы бұл көрсеткіш 100 пайызға өсіп, біз бұл бағдарламаны толық аяқтадық. Шәкіртақы мөлшерін алдағы уақытта да жыл сайын арттырып отыру үшін Үкіметпен бірге оны қайта жалғастыру мәселесін пысықтайтын боламыз», – деді министр Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.

    Саясат Нұрбектің сөзінше, бұл мәселе бойынша нақты шешім қабылданбады. Бұл ретте докторанттардың стипендиясы жақсы өскені айтылды.

    «Бүгінде PhD докторанттары ай сайын шамамен 254 мың теңге алады. Бұл соманы алдағы уақытта да ұлғайту жоспарланған», – деді Ғылым және жоғары білім министрі.

    Министр мемлекеттік университеттерде оқу ақысы реттелетінін баса айтты.

    «Сол себепті биыл да оқу құнының өсуін тежеп, барлық жоғары оқу орындарымен кеңесіп, оның күрт қымбаттауына жол бермейміз», – деп атап өтті Саясат Нұрбек.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →