Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 13 қазан 2026 $ 453,4↓€ 507,8↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Әділет» партиясы Алматы облысында азаматтарды қабылдады • Алмалы ауданындағы экологиялық акцияда 200 келіге жуық қайталама шикізат жиналды • Мемлекет басшысы мен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді • Кілтті ауыстыруға болмайды: үй иесі жалдаушыны неге соттан тыс шығара алмайды? • «Ерсі көрінеді»: Белгілі блогердің киген киімі көпке жақпай қалды • Елена Рыбакинаға қатысты жайсыз хабар шықты • «Әділет» партиясы Алматы облысында азаматтарды қабылдады • Алмалы ауданындағы экологиялық акцияда 200 келіге жуық қайталама шикізат жиналды • Мемлекет басшысы мен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді • Кілтті ауыстыруға болмайды: үй иесі жалдаушыны неге соттан тыс шығара алмайды? • «Ерсі көрінеді»: Белгілі блогердің киген киімі көпке жақпай қалды • Елена Рыбакинаға қатысты жайсыз хабар шықты •

    Абай гарнизонында әскери қызметші қайтыс болды

    Абай гарнизонында әскери қызметші қайтыс болды
    Фото: gov.kz/memleket

    Абай гарнизонында қайғылы жағдай орын алып, соның салдарынан келісімшарт бойынша міндетін атқарып жүрген әскери қызметші қайтыс болды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Алдын ала мәліметтер бойынша, 5 наурыз күні сағат 9:40-та Қорғаныс министрлігінің полигонында, Семейден 40 шақырым жердегі Абай тас жолында КРАЗ жүк көліктерін сүйрету кезінде олардың арасында келісімшарт бойынша әскери қызметші қыстырылып қалған.

    Әскери қызметші ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмған.

    «2026 жылғы 5 наурызда Абай облысында әскери техниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының бұзылуы салдарынан келісімшарт бойынша әскери қызметші өмірге қауіпті ауыр жарақат алды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда», – деп мәлімдеді Абай гарнизонының баспасөз қызметі.

    Оқиға орнында құзырлы органдардың өкілдері жұмыс істеп жатыр.

    «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Оларға белгіленген тәртіпке сәйкес қажетті қолдау көрсетіледі», – делінген әскери ведомство хабарламасында.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →