Вице-министрдің күмәнді жауабы: Кәрім Мәсімовтың қай түрмеде отырғаны белгісіз болып шықты

Фото: ratel.kz

Сенат кулуарында ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов журналистерге Кәрім Мәсімовтің қайда жазасын өтеп жатқанын айта алмады, деп хабарлайды QazaqToday.info ақпараттық порталы.

Санжар Әділовтің айтуынша, бұл туралы ақпарат арнайы комитет арқылы беріледі.

«Мен бұл сұраққа жауап бердім. Басқалардың да қайда отырғанын мен ешкімге айтқан емеспін. Кімді айттым?», – деп таңданды Әділов. 

Ол Мәсімовтің қайда отырғанын тек адвокаты мен жақындары білетінін айтты.

Еске сала кетейік, 2022 жылы ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарлары қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін мемлекетке опасыздық жасады және мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырмақ болды деген күдікпен қамауға алынған болатын.

2023 жылы сәуірде ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарларына сот үкімі шықты. Сот Мәсімовке мүлкі тәркіленіп, 18 жылға бас бостандығынан айыру және өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айыру жазасын тағайындады.

 

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика