«Өлі жандарға» жалақы жазған: Түркістанда 14 адам сотталды

Түркістан облысында Бәйдібек аудандық білім бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты сот үкімі шықты. Олар мемлекетке 583 миллион теңге көлемінде шығын келтірген, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Тергеу деректері бойынша, 18 адамнан тұратын топ (оның ішінде басшылар мен есепшілер бар) бірнеше жыл бойы 49 мектептің бюджетін тонап келген. Олар «өлі жандарға», яғни жұмыста жоқ адамдардың атына жалақы аударып, қызметкерлердің айлығын негізсіз өсіріп көрсету арқылы аса ірі мөлшердегі қаражатты жымқырған.

Сот шешімімен 14 айыпталушы 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Топтағы қалған төрт адамға рақымшылық жасалды. Мемлекетке келтірілген шығын толық көлемде өтелгені хабарланды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика