Семей жүргізушілері шұрық-тесік жолға шағымданды

Фото: видеодан скрин Семей қаласында жол мәселесі тағы да тұрғындардың ашуын туғызды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.  Қаладағы Кирпичный ауданынан Жоламан бағытына қарай өтетін өткелде асфальт әбден ойылып, үлкен шұңқырлар пайда болған. Жүргізушілердің айтуынша, бұл жерден көлікпен қалыпты жүру мүмкін емес, көпшілік шұңқырларды айналып өтемін деп қарсы бағытқа шығып, қауіпті жағдай туындайды. Тұрғындар бұл…

Толық оқу

СҚО-дағы сорақы жол: Даут-Талшық жолымен жүру мүмкін болмай қалған

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданындағы Даут–Талшық бағытындағы жолдың жағдайы жұрттың наразылығын туғызды. Әлеуметтік желіде тараған видеода трассаның батпаққа айналып, көліктердің әрең жүріп келе жатқаны анық көрінеді. Жүргізушілер бұл жолмен қатынау күн сайын қиындап бара жатқанын айтады. Тұрғындардың сөзінше, бұл мәселе бірінші жыл емес. Жол жөнделеді деген уәде жиі айтылғанымен, сапалы нәтиже жоқ. Әсіресе көктемгі уақытта…

Толық оқу

Оралда жаңа жол опырылып кеткен: жаңбырдан кейін көлік емес, қайық керек

Фото: видеодан скрин Орал мен Ақсайдың арасындағы Багдановка бағыты қазір нағыз азап жолына айналды. Күзгі жаңбыр жауған соң жол опырылып, түгелдей батпаққа айналған. Асфальт атымен жоқ, әр бұрылыста шұңқыр, әр метр сайын лай мен су. Тұрғындар “бұл жол емес, сұмдық” деп ашуланып отыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.     “Жол деген аты ғана. Кеше таксимен…

Толық оқу

Семейде №30 мектептің ата-аналары шу көтерді: «Ресторанға жол бар, мектепке жоқ»

Фото: видеодан скрин Семей қаласында №30 мектептің ата-аналары әкімдікке шағым түсірді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.  Олардың айтуынша, оқу орнына баратын жолдың жағдайы бірнеше жылдан бері сын көтермейді. Әсіресе жаңбыр мен балшықты күндері балалар мектепке жету үшін қиындық көреді. “Балаларымыздың аяқ киімі су, киімі балшыққа батып келеді. Ал мектеп алдындағы жолға ешкім назар аудармайды”, –…

Толық оқу

Текеліге кіретін жол – нағыз сынақ: айналма жол ойдым-ойдым, жүргізушілер ашулы

Фото: видеодан скрин Текелі қаласына кіретін негізгі жолда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бірақ ең сорақысы — айналма жол дайын емес, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Жүргізушілердің айтуынша, қазір көліктер егістік жермен, шұңқыр мен төмпешіктің арасымен әрең өтеді. Ал кейбірі: «электромобильдің астындағы батарея соғылып қала жаздады» деп ашынады. Әлеуметтік желіде тараған бейнелерде жеңіл көліктердің шаңды жолда ілбіп…

Толық оқу
Яндекс.Метрика