Еліміздің бас құтқарушысы БАҚ өкілдерінің сұрағына нақты жауап бере алған жоқ. Еліміздің құтқарушылары, жалақының аздығына налыған. Олар «біздің жалақымыз аз болса да, төтенше жағдайлар министрінің қолындағы сағаты 2 млн теңге тұрады» деген мағынада шағым жасаған.
Министр Шыңғыс Әрінов өзіне қойылған сұраққа нақты жауап бере алған жоқ.
«Сағатымның құны 2 млн теңге емес…сыйлыққа алғамын, қарапайым сағат. Неше теңге тұратынын білмеймін, бірақ, нақты 2 млн теңге емес», – деді тікелей қойылған сұрақтан қашқақтаған министр.
Сонымен қатар министр «Майқайың» кенішіндегі шұңқырға түсіп кеткен адамдарды іздеу жұмыстары кейінірек қайта жалғасатынын айтты.